Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз. Былайша айтқанда, Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген.
|
|
Қоғамда көпшілік дінтанулық білім мен діни білімнің ара-жігін ажырата алмайды. Сол себепті, халықтың басым бөлігі дінтанулық білімді мешіт пен медреседе ғана алуға болады деп ойлайды. Қазақстанда жоғары оқу орындарында дінтанулық білімнің қалай беріліп жатқандығы туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, теолог – Кеңшілік Тышханұлымен сұхбаттасқан едік.
|

Қазақ тарихындағы ислам дінінің рөлін зерттеп жүрген тарихшы-дінтанушы Жарас Аханмен еліміздегі бүгінгі діни ахуал, дін саласындағы оңалту жұмыстары мен теолог мамандардың жағдайы туралы сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.
|
2019 жылы 29-тамызында ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының бас маманы Е.Әскенұлы «JAMBYL» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына қатысып, дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандағы діни білім беру жүйесінің жай-күйі» тақырыбында пікір алмасты.
Сілтемесі: http://taraztv.kz/kz/archive/programs/programs_ruh/iman_nury/1005269
|
«Жусан» операциясы бойынша Сириядан елге оралғандармен Ақтаудағы бейімдеу орталығында жұмыс істеп жатқан белгілі дінтанушы — Кеңшілік Тышқанұлымен сұқбаттасып, соғыс аймағынан елге оралған қандастарымыздың бүгінгі жағдайлары, діни көзқарастары мен әлеуметтенулерінің қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы біліп, кеңінен сұқбаттасып қайтқан едік.
— Кеңшілік мырза, жуырда ғана фейсбуктегі парақшаңызда «Жусан-4» деп жазба қалдырған екенсіз. Сонда «Жусан» операциясының тағы жалғасы жүзеге асырылуда ма?
— Иә, «Жусан-4» операциясы жүзеге асырылды.
— Бұл туралы ешқандай ресми ұйымдар БАҚ-қа ақпарат таратпаған сияқты еді…
— Ресми ақпарат еш жерде таратылмады ғой деймін. Бір білетінім «Жусан-2,3» операциялары арқылы қалып қалғандарды жинап, елге әкелді.
|
ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы
Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев
«Күйреген рухты қайта көтеру – міне,
қазіргі таңдағы басты мақсат осы!»
Шерхан Мұртаза
|
ХХ ғасыр басында қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлық саясатына байланысты дін мәселесі ушыға түсті. Көшпелі елдің жауынгерлік рухын басып-жаншып, өзіне бағындыру үшін отаршыл билік дінді пайдаланғаны белгілі. Қазақтың дәстүр-салты мен өміріне үлкен өзгерістер алып келген діни саясаттың астарын жақсы түсінген Алаш қайраткерлері бұл үрдіске белсене қарсы тұрды.
|
|
|
|
|
Страница 1 из 7 |