forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін400
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3309
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2061
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704680

Казир сайтта: 12
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Қазақ зиялылары және Ясауи танымы

Қазақ сахарасы тұнып тұрған тарихи мекен шежірелі өлке. Шығысында Алтай мен Жоңғар таулары,  батысында Орал тауларымен Жайық өзені, оңтүстігінде Тянь-Шянь мен Қаратау таулары,    солтүстікте Ертіс өзенімен жалғасып жатқан кең атыраб ата қоныс ұлы қазақ даласы.

Біздің ата-бабаларымыз мың жылдан аса уақыт Ислам дінін ұстанып келген сертке берік, сеніміне мықты киелі халық. Осы қасиетті топыраққта әлем мәдениеті мен ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан, өшпес із қалдырған тұлғалар аз болмаған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырарда, Кедереде, Уасидте, Сығанақта, Жентте, Баршынкентте, Түркістанда, Испиджапта (Сайрам), Таразда, Баласағұн қалалары Ислам орталығына айналған. Бұл орталықтардан теңдесіз ғұламалар шыққан. Бұлардың қатарында – Әбу Насыр Әл-Фараби, Исмаил Әл-Жаухари әл-Фараби, Ысқақ ибн Ибраһим ал-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани, Әбд әл-Ғафур әл-Кердери, Хафиз әд-дин әл-Кердери, Хусам әд-дин әс-Сығанақи, Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс, Хибатулла әт-Тарази, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати, Қожа Ахмет Ясауи, Ахмет Игүнекей, Мәшһүр Жүсіп, Асан Қайғы, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайберұлы да бар.

 

Түркістан үшін соғыста жараланып өлім алдында жатқанда Тәуекел Бахадүр хан: «Түркістанды алдым арманым жоқ» - деп айтқан екен, ал әулие қаздауысты Қазыбек биде «мені өлгенімде Түркістанға жерлеңдер» - деп өсиет еткен екен,«Түркістанды қалмақ алды» - деп ақырып атқа мінген Абылай ханда!

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой

– деп жырлаған М.Жұмабаевта қазақ тарихында Түркістанның орнын айрықша білді, қасиетті меккенің киесін сезді. Сондықтанда  осы күнде Түркістан ұлттың рухани орталығы болып қалды.

Қасиетті Түркістан қаласының осындай атқа ие болуы, қазақ елінің байырғы астанасы болумен қатар, ислам дінінің дамуына қызметі көп сіңген Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың құрметі еді. Осы дәрежеге жеткізген қандай жол? Жаратушы Жаппар иеміздің әмірін орындап, асыл дінімізге деген ықыласының себебінен аты түркі әлеміне әйгілі болды.Ендігі кезекте Ахмет Ясауидің Алла  Тағаланы тану төңірегінде ой қозғасақ.

Ясауидің сопылық дүние танымында Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берілген.  Себебі, Жаратушы иемізді тану – көңіл көзін ашудың негізгі кілті. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттірмейтін басты өзегі – Алланы тану (мағрифатул-ла).

Сопылық дүниетанымы бойынша әлем мен әлемдегі барлық жаратылыстарды Аллаға ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негізгі мәселеретінде қарастырылады. Құран-Кәрімде «Шын сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар. Тағыда өз болмыстарыңда  белгілер бар. Еш көрмейсіңдерме? (50:20-21)» - деп, адамның болмысы, дене құрлысы Құдайдың бар екендігін, осы тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін дәлелдейді.

Ахмет Ясауи осы - ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Алла Тағаланың ұлы, кеңпейіл, мейірімді де рақымды екенін дәлелдейді. Ясауи бабамыздың бір шұмақ хикметінде:

Хақ Тағала иман сыйлап берді бізге,

Ол Мұтафа хақ елшісі деді бізге.

Мадақ айтсаң қуат берер дініңізге,

Өйтпесе қылғандарың жалған болар

-     деп, Алланы танығаннан кейін, оған ғашық болуға жол ашылатынын жеткізген.

Қазақ халқының жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің бүр жаруына ат салысқан ғұламалардың бірі Қ.А.Ясауи бабамыз. «Диуани хикмет» атты шығармасында Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) кеңінен таныстырған ол ардақты Пайғамбардың отбасын, оның сәби кезінен бастап бүкіл өмірбаянын, үйленуін, уахи алуын, Исламды жаюын, осы жолда көрген қиыншылықтарын, Хақ жолындағы күресін, миғражға шыққанын, мұқтаждарға қамқор болғанын, қиналғандарға қол ұшын бергенін, бұл өмірде жолын таппай адасып жүрген жандарға тура жолды көрсеткенін, күндіз-түні ғибадат еткенін және өзінің жолымен жүргендерге ақыретте шапағат ететінін адам жанына нұр себелейтін әсем өлең жолдарымен жырлаған.

Осы тақырып бойынша ардақты Пайғамбардың бір құдси хадисінде ұлы Жаратушымыз былай дейді: «Мен құпия бір қазына едім, білінуді қаладым (ұнаттым),мені білсін деп әлемді жараттым».

Жоғарыдағы құдси хадисте баяндалып отырған ғашықтық (ұнату, қалау) Құдайдан бастау алған және бүкіл әлемнің жаралуына себеп болған. Хақтан (құдай) бастау алған ғашықтық пен сүйіспеншілікті ұғынған кемеңгер бабамыз әлемнің иесіне осы жолмен жетуді таңдаған.

Аллаға ғашық болу – нәпсілік қалауларды тәрбиелейді және көңіл кірлерінен арылтады, адамның көңіліне жақсылық, сұлулық, нәзіктік ұрығын себеді, жүрек көзін ашады және көңіл сарайын кеңейтеді. Махаббат адамның менмендігін, ішіндегі қатыгездігін, кек пен жек көрудың тіпті қалдықтарына дейін күлін көкке ұшырып, нәзіктікке, сүйіспеншілікке, рақымдылыққа, әділдікке бастайды, Абайша айтсақ:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

Ұлы ойшыл бабамыздың көзқарасы бойынша Аллаға деген ғашықтығы мен сүйіспеншілігін жүректеріне, көңілдеріне және ақылдарына тоқымаған адамдар – құрғақ сенім мен құлшылықта жасағанымен рухани жетіле алмаған адамдар. Тіпті аталмыш адамдардың имандары жоқ деп түсіндіреді.

Сөз соңында ойға түйгеніміз,қанша уақыт өтседеТүркістан қаласында Әмір Темір салдыран Қожа Ахмет Ясауикесенесінде, сол заманнан бері қазақтың хан -сұлтандары, би-абыздары, батырлары мен игі жақсылары бабамыздың құрметі үшін киелі топырағына жерлеу дәстүрі қалыптасып  әріұрақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді.Ендігі кезекте еліміздің барлық оқу орындарында Ясауи бабамыздың ілімін, діни қызметін, еңбектерін, шығармаларын және ҚМДБ-ның уағыз-насихаттарында халқымызға кеңінен жоспарлы түрде насихаттаукерек деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде дәстүрлі исламның таралуына және қазақ жастарының діни таным мәселесінде жат ағымдардың арбауына түспесіне үлкен септігін тигізері сөзсіз.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзін жадымызда ұстау әрбір азаматтың борышы деп білемін:«Қожа Ахмет Ясауи есімін бүкіл түркі әлемі қасиетті санайды және өте орынды құрмет тұтады. Егер Қазақтардың рухани тарихы жазылса  Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруі тиіс».

Бұл – ел ертеңі жастардың ойында жүрсе нұр үстіне нұр болары хақ.

Кұлтаев Сержан

Исследование агрессивных культов

қоғамдық бірлестігінің дінтанушысы

 


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.