forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін29
mod_vvisit_counterКеше292
mod_vvisit_counterОсы аптада29
mod_vvisit_counterӨткен аптада2572
mod_vvisit_counterОсы айда7317
mod_vvisit_counterӨткен айда8075
mod_vvisit_counterБарлығы556267

Казир сайтта: 10
Сіздің адрес 34.231.247.139
,
Күні: 2019-09-23
Қазақ халқының дәстүрлі діні қайсы?

Осы күнге дейінгі біздегі қалыптасқан пікір бойынша дін мәдениеттің құрамдас бөлігіне жатады деген тұжырым бар. Мұндай тұжырымның қалыптасуына 17-18 ғасырларда Батыс Европа елдерінде дін мен қоғам арасындағы қайшылықтың туындауы тікелей ықпалын тигізді. Алайда, бұл тұжырымның дұрыс еместігін уақыт сан мәрте дәлелдеп берді. Дін мәдениеттің құрамдас бөлігі бола алмайды. Өйткені, дін  адам баласының ойынан шығарылған нәрсе емес. Дін адамзат қоғамынан тыс ортада пайда болып, сол жіберілген қоғамның игілігі үшін қызмет жасайтын ілімдер жүйесі. Адамзат қоғамында жалпы мәдениет пе, салт-дәстүр ме, әдет-ғұрып па, мемлекеттік жүйе ме барлығы діни ілім мен діни таным негізінде қалыптасады. Сол себепті, дін ешқашанда мәдениеттің құрамдас бөлігі бола алмайды. Керісінше, дін мәдениеттің құрамдас бөліктерін қалыптастыратын негізгі қозғаушы күш болып табылады. Дін мен діни танымнан тыс қоғамның рухани-мәдени өмірі мен қоғамдық қатынас жүйелерінде ешнәрсе болмайды. Өйткені, қоғамдағы барлық жүйелер осы діни таным негізінде қалыптасып, сол діни таным шеңберінде қызмет етеді. Бұл діннің қоғамдағы қызметінің сан-салалы екендігін көрсетеді. Сондықтан мәдениет әркезде дінге тәуелді болады. Діннен тыс ешқашан мәдениет болмайды. Діннің қоғамдағы ролінің артуы – ол қоғамның нұрлануына, гүлденуіне, мәдениетінің жаңа сатыға көтерілуіне әкелсе, діннің қоғамдағы ролінің  төмендеуі, керісінше,  қоғамның азғындауына, тоқырауға ұшырап, ыдырауына әкелетін қауіпті факторға айналады. Діннің қоғамдағы ролінің қаншалықты жоғары екендігі туралы XX ғасыр басындағы  орыс ойшылы В. С. Соловьев былай деп жазады: «При таком внутреннем соединении (а несмешении) религиозной идеи с народностью выигрывает и та и другая сторона. Народность перестает быть простым этнографическим и историческим фактором, получает высший смысл и освящение, а религиозная идея обнаруживается с большой определенностью, окрашивается и воплощается в народности, приобретает в ней живую историческую силу для своего существования в мире. И чем значительнее народная сила, тем выше она должна подниматься  над национальном эгоизмом, тем полнее она должна отдаваться своему вселенскому служению». В. С. Соловьевтің бұл пікірі кез-келген халықтың деңгейі, рухани қуаты діни идеяның халықтың ой-санасынан қаншалықты терең орын алуына байланысты екендігін көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда,  халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің қай бағытта дамитынын айқындайтын – діні, діни танымы. Егерде кез-келген халық өзінің дәстүрлі дінінен, діни таным негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды. Жаңа қабылдаған дінннің талабына қарай жаңа мәдениет пен дәстүр қалыптастыруға мәжбүр болады. Осы тұрғыдан келгенде Президент жолдауындағы «Дәстүр халықтың генетикалық коды» деген тұжырымын – қазақ халқының болашағына алаңдаушылығы деп түсінген дұрыс. Сондықтан, дін халықтың міндетті түрде салт-дәстүрімен сабақтас болуы шарт. Олай болмаған жағдайда ол дін халықтың рухани, мәдени болмысы мен салт-дәстүріне қауіп төндіретін факторға айналады.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің киелілік сипаты

Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа анықтама бермес бұрын бұл сөздердің шығу тегіне қысқаша тоқталып, бұл сөздердің түпкі мәні нені білдіретінін анықтап алғанымыз жөн.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Сеййид Хусейн Наср атты түркі ғалымы: «Дәстүр» сөзі уаһи жолымен адамдарға білдірілген қасиетті, әрі осы иләһи хабарлардың адамзат тарихы бойынша тоқтамастан ашыла беруі мағынасында қолданылады. Дәстүр - Иләһи хабар, әрі Негізге жақындататын үздіксіздік мағынада дей келе Аллаға ғашықтық ақиқатына жалғаған тұп-тура байланыс құралы ретінде сипаттайды.  Сөйтіп ол ойын ары қарай былайша тұжырымдайды: «Дәстүр дінді және оның заңдылықтарын қамтыған» дейді. Ал Дін болса, қалыптасқан дәстүрге айналған Сүннет болып табылады және сопылықтағыдай дәстүрлі өмірдегі ой толғанымдары мен өмірдің әр дәуірін, әр кезеңін және әр ғасырын Негізге жалғайтын шынжыр, тізбек яғни Силсала. Осы себептер арқылы дәстүрдің тамыры Иләһтан келген уаһида орналасқан. Бұтақтары мен өзегі ғасырлар бойы дамыған алып бір бәйтерекке ұқсатуға болады. Дәстүр ағашының негізінде дін, оның негізінде ағаштың өмір сүруін қамтамсыз ететін уаһидан нәр алып тұрған берекет орналасқан. Дәстүр, киелілік, басы және соңы, ақиқаттары: таусылмайтын хикметі мен ақиқаттың ауыспас принциптерін әртүрлі уақыт пен мекен шарттарында әрқашанда іске асып отырады.» Бұл дәстүрдің пайда болуы жайдан жай емес, Жаратушының әр халыққа белгілеп берген өмір сүру жолын белгілеген қағидалар жүйесі екендігінен хабар береді.

«Салт» сөзін қазақша мағынасына келер болсақ, қатты, қатты болу, берік болу, төзімді болу дегенді білдіреді. Егерде осы талдауларға сүйенер болсақ, онда «салт-дәстүр» ұғымының мағынасы – айнымайтын, берік қоғамның тұтастығы үшін жаратушы тарапынан жіберілген қағидалар жүйесі дегенді білдіреді.

Араб тілінің сөздіктерінде: «Әдет деген сөз араб тілінде - ‘адат -әдет, бір істі немесе әрекетті жиі қайталау. Бұл сөздің негізгі түбірі «‘ада» -  ﻋﺎﺩﺍ - қайта оралу, өз қалпына келу деген мағыналарға саяды.

«‘ұрып» сөзі негізінен арабтың «‘арафа» деген сөзінен шығады. Араб тілінде –«‘арафа» сөзінің мағынасы   білу, тану, қабылдау, өте жақсы білу.

Сонымен «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» деген сөздер түгелдей дерлік діни сөздер. Қазақ халқына араб тілінен еніп, төл сөзімізге айналған. Бұл сөздер халқымыз тұтастай Ислам дінін қабылдаған тұстан бастап қолданысқа енген кірме сөздер.

«Мәдениет» (маданийат) - сөзінің этимологиялық төркіні арабша қала, қоғам, қауымдасу т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет пен дін сөздері бір түбірден (дана/йадину етістігінен) шыққан. Дін арапша - дин, сөздік мағынасында жол, сенім, үкім, қағида т.с.с. мағыналарды білдіреді. Мәдениет қала, қауымды білдіретін «...Тәңір тарапынан белгіленген «жолы», этикалық, әлеуметтік, экономикалық және діни құлшылық ету қағидалары мен сенімдік жүйеге негізделген, Тәңірмен байланыс құруға арналған табыну орны (мешіт, шіркеу, синагога т.с.с.) бар қауымның тіршілік әдісін, тұрағын анықтайтын ұғым (термин). «Маданийат» ұғымы кейіннен уақыт ішінде қала, қалалық, отырықшы т.с.с. сипатқа ие болып, латын тіліндегі «культура» ұғымымен тең мағынаға ие болған.»

Егерде қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрі негізінде Құдайлық негіз болса, онда, олардың барлығының киелілік сипаты бар жүйе. Және бұл салт-дәстүр Ислам дінінен әлдеқайда бұрын пайда болғандығына көз жеткізу қиын емес. Біздің шамалауымызша қазақ халқының бүгінге дейін сақталып келе жатқан салт-дәстүрінің негізінде Оғыз қағаннан қалған Тәңірлік дін жатыр.

Мысалы, «Оғыз қаған» аңызының Марданбайұлы Есқали нұсқасында Оғыздың әкесі Қарахан Яфестің тоғызыншы ұрпағы. Бұл хандардың барлығы мәжусилік дінін ұстанғаны туралы айтылады. Бұл Оғыз қағанның Яфестен тараған халықтарды бір Тәңірге мойынұсынуға шақырып, халықты иләһи дінге бет бұрғызған киелі тұлға болғандығынан хабар береді. Басқаша айтқанда, Оғыз қағанды Түркі даласынан шыққан пайғамбар деп тануға болады. Рашид ад-дин Шыңғыс ханның да осы Оғыз қағаннан келе жатқан Тәңір дініне мойынұсынғанын жазады. Олай болса, бұл түркілердің ұзақ ғасырлар бойына Оғыздан қалған Тәңір дініне мойынұсынып, сол дінде болғандығын көрсетеді.

Сонымен бірге, Оғыз қаған алғаш рулық, тайпалық жүйелерді топтастырып, мемлекетті басқарудың түркілік жүйесін алғаш қалыптастырған тұлға. Бұл Оғыз қағанның түркі тарихындағы орны қаншалықты маңызды болғандығын көрсетеді.

766/767 жылы түркі халықтары өз тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басты. Осы жылы  түркі халықтары тарихындағы жаңа сипаттағы, негізгі идеологиясы ислам дінінің оппозициялық бағыты қайсанийа-мубаййидийа ағымын ұстанған Қарлұқ, Сырдың төменгі ағысында Оғыз түркі-ислам мемлекеттері дүниеге келді.

Түрік халықтарының ислам дінін қабылдауы түріктердің жаңа сатыға көтерілуіне ықпалын тигізді. Түріктер арасында ғылым мен мәдениет жылдам қарқынмен дамыды. Түріктер арасынан  жүздеген ғалымдар шықты. Олар ғылымның барлық саласында ірі жаңалықтарды дүниеге келтірді. Бұл жалпы ислам мәдениеті мен ғылымына қосылған қомақты үлес болғанымен, мұның есесіне түрік халқының мәдениеті мен дәстүрі күн санап өше бастады. Әсіресе, рухани, мәдени салада бұл процесс өте жылдам жүрді. Ол кездегі түсінік бойынша ислам дінін қабылдау араб болу дегенді білдіретін.    Түркі халықтарына ислам діні парсы тілі арқылы келді. Өйткені, ханафилердің басшылығымен көптеген діни, методологиялық маңызы бар кітаптардың араб тілінен парсы тіліне аударылуы ислам дінінің Орталық Азия халықтарына парсы тілі арқылы таралуына ықпал етті. Бұл өз кезегінде ислам дінін қабылдаған халықтардың парсылануына әкелді. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтары өздерінің дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен ажырап, толық парсылануға бет алды. Оған дәлелді ұзақтан іздемей-ақ, түркі ғұламалары тарапынана жазылған кітаптар ішінде XI-ғасыр ортасына дейін бірде-бір не діни, не ғылыми, не әдеби шығарманың жазылмауынан көруге болады. Тек, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты еңбегі түрік тілінде жазылған алғашқы шығарма болды. Одан  кейін Махмуд Қашқаридің «Диуан луғат ат-Түрік» еңбегі мен Ахмед Йүгнекидың «Атыбат ал-Хақа’иқ» атты еңбектері дүниеге келді. Бұл шығармаларды түркі халықтарының қауіпті шепке жақындағанын білдіретін сол дәуір зиялыларының  жанайқайы десе болады.    Түркі халықтары өзінің тілін, дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоғалтып қойған жоқ. Солармен бірге, көнеден келе жатқан түрік мемлекеттігінің қалыптасқан жүйесін де өзгертуге мәжбүр болды. Оған түрік халықтарының ішкі қоғамдық қатынастарын реттейтін жүйенің араб қоғамының ішкі қатынастарын реттеуге арналған шариғат үкімдерімен алмастырылуы тікелей ықпал етті. Бұл біртіндеп түркілік әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің қолданыстан шығарылуына әкелді. Көнеден келе жатқан некелік қатынас өзгертіліп, экзогамдық қатынастар эндогамдық қатынаспен алмастырылды. Рулас, қандас адамдар арасындағы некелік қатынастар осы кезге дейін сақталып келген рулық, тайпалық жүйелердің ыдырауына әкелді. Мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі қалыптасты. Түріктер өздерінің дәстүрлі мәдениетінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен, тілінен, мемлекеттік басқару жүйесінен ажырады. (жалғасы бар)

Жандарбек Зікірия, т.ғ.к., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ҒЗИ-ы

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.