forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін53
mod_vvisit_counterКеше292
mod_vvisit_counterОсы аптада53
mod_vvisit_counterӨткен аптада2572
mod_vvisit_counterОсы айда7341
mod_vvisit_counterӨткен айда8075
mod_vvisit_counterБарлығы556291

Казир сайтта: 10
Сіздің адрес 34.231.247.139
,
Күні: 2019-09-23
Қазақ халқының дәстүрлі діні қайсы? (жалғасы)

Ислам әлемін X-ғасырдан бастап шарпыған тоқырау, XII ғасырда Ислам әлемінің бар өлкесіне таралды. Исламның рухани қуаты әлсіреп, материалдық байлық үшін, билік үшін талас шегіне жетті. Ислам әлемінің Батысы крестшілер жорғын бастан кешірсе. Шығысында Қарахандық мемлекеттер толығымен қарақытайлардың қоластына түсті. Бұған сол Исламдағы рухани тоқырау тікелей себеп болды. Билеушілер сыртқы жаумен емес, тақ үшін өздерімен өздері қырқысты. Ол кезеңді Қожа Ахмет Йасауи былайша сипаттады:

 

Ораза, намаз, иман, ислам қолдан кеті,

Күннен күн бетер деген хадис жетті.

Пайғамбар айтқандары келіп жетті,

Бұл дүниені қараңғылық басты достар.

 

Ғалымдар бар ілімін малға сатты,

Көріп, біліп, өздерін отқа атты.

Өзі амал қылмай халыққа ілім үйретті.

Дүние үшін діндерін сатты көргңн.

 

Ұстаз, дінсіз құлдар болды хакім,

Мемендіңкдүкенін ашып, болды залым,

Халық ішінде қор болды дәруіш ғалым,

Көпшілігі халықтың кәпір болды көргін.

 

Дінсіз ұстаздарға еш қауіп жоқ.

Дүние малын жиып еш тояры жоқ.

Ұшып, қонып, өлімнен еш хабары жоқ.

Ол жанның дүние діні болды көргін!

Міне осы кезеңде ислам әлемінің рухани сауығуына ықпал еткен, Исламға иман мен рухани құндылықтарды қайтарып берген тұлға Қожа Ахмет Йасауи болды. Ол соплық ілімді тариқат дәрежесіне көтерді. Бұрын сопылық жеке тұлғалардың, немесе сол жеке тұлғалар айналасына топтасқан адамдардың ғана игілігі болса, енді ол ілімді Қожа Ахмет Йасауи жалпы халықтың игілігіне айналдырды. Ол иманды бар ғибадаттың алдына шығарды. Имансыз діннің болуы мүмкін еместігін соңына ерген халыққа ұғындыра білді. Ол ислам дінінің тоқырауы – діндегі иманның әлсіреуімен байланысты екендігін  көре білді. Иманды қалпына келтіру үшін Исламның ішкі қуатын ашу қажеттігін түсінді. Ол айтқан «дафтари сани» сол исламның ішкі рухани қуаты-жүрек көзін ашу болатын. Ол жол – тариқат жолы деп аталды.

Қожа Ахмет Йасауи иманды қайтадан қалпына келтіру жолына бар өмірін арнады. Бұл дағдарыстан шығу жолы иманнның қайтадан қалпына келуіне байланысты екенін баса айтады. Ол былай дейді:

Хикмет бірлән әууал адам дін бар айлады,

Он сегіз мың қамуғ алам қайран ерур.

«Қалу бала» деген құлдар үлес алды.

Сакут еткен құлдар діні ойран болур.

 

Хақ тағала иман ата (сыйлады) қылды бізга,

Аууал Мұстафа расулы айды бізга.

Друд етсак қууат берар дінімізга,

Йоқ ерса, қылғанларым ойран ерур.

Бұл «Хикмет» жолдарының мәні иман болмайынша, толық сенім болмайынша, адам баласының қылғандарының ойран болатыны, Иманның барлық ғибадаттың алдында болу керектігі айқын көрсетіп тұр. Йасауи Ислам шариғатындағы негізгі бес негіз–бес парыз бен осы бес парыздан туындайтын қырық парызды қалдырып, қоғамдық қатынастарды реттеу жолы толығымен түркінің көне дәстүріне берді. Бұл басқаша айтқанда, бұдан жан мен тән қажеттілігіне қарай адам болмысының екіге бөлінгенін көруге болады. Тариқат жолы тән қажетіне байланысты мәселелерді қарастырмайды, адамның рухының қажеттігін өтейтін амалдарды қарастырады. Адамның жаны, рухы исламдық негізге мойынұсындырылып, мұсылмандық дәстүрлер қалыптастырылды. Мысалы, қазіргі қазақ дәстүріндегі кісі қайтқанда жетісін беру, қырқы, жүзі, жылын беру, иіс шығару, әруақтарды еске алу, әулиелерге бару – бұлардың бәрі рухтың қажетін өтейтін амалдар болып табылады. Және бұл дәстүрлердің барлығы Йасауи хикметтерінде жеткілікті түрде түсіндірілген. Мысалы, жоғарыда айтылып өткен қайтқан кісіні шығарып салуға қатысты жол-жоралғылардың барлығы рухтың қозғалысына қатысты туындаған дәстүр болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи адам рухының жеті сатысы туралы айтады. Осы рух сатыларының кісі қайтыс болғаннан кейінгі жерден көтерілу процесі осы дәстүр арқылы аталып отырған. Осы дәстүрдің бүгінгі күні кванттық физика ғылымы тарапынан толығымен дәлелденіп отыруы Йасауи бабамыздың бұл саладағы білімінің қаншалықты терең болғандығын көрсетсе керек. Кванттық физика адам рухының жеті қабаттан тұратынын, оның бір қабаты тоғыз күнде, екінші қабаты қырық күнде, үшінші қабаты тоқсан күнде, ал бір жылда рухтың жерден толығымен көтерілетінін толығымен дәлелдеді. Демек, бұл қазақ дәстүріндегі шариғатта жоқ деп жүрген амалдардың негізі бар екендігін және олар тариқат жолы арқылы қалыптасқандығын көрсетеді.

Қожа Ахмет Йасауи тек дәстүрді емес, бүкіл рухани-мәдени болмысына қатысты дүниенің түріктік сипат алуына ықпал етті. Түркі қоғамының рухани қажеттілігі толығымен түрік тілінде өтелетін болды.  Ол дін тілін түрік тілінде сөйлетті. Ғылым, білім, мәдениет, әдебиет пен мемлекет тілі толығымен түрік тілінде сөйледі. Йасауиден кейінгі түрік рухани болмысының түркілік арнаға толығымен бет бұрғанын көруге болады. Осылай түріктердің Исламдағы жолы Йасауи жолы шеңберіне сыйғызылды. Түріктер осы жол шеңберінде ғана өзінің түріктік ерекшелігін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болды. Бұл шеңберден тыс ислам дінінде қалу мүмкін болғанымен түрік мәдениетінде қалу мүмкін емес еді. Йасауидің бұл бастамасы түрік жұртына арналғанымен, өзге халықтарға өнеге болды. Өзге халықтар да Йасауидің ізімен әр түрлі тариқаттарды дүниеге келтіріп, өздерінің рухани-мәдени тәуелсіздіктерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Бұл қазір ғылымда ислам дінінің өмір сүру формасы деп аталып жүр. Біз қазіргі күні қазақ халқының дәстүрлі діні дегенімізде осы Йасауи жолы деп білеміз. Өйткені, қазақ халқының  Йасауиден соңғы 850 жыл бойына жинақталған рухани мұрасы мен мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы осы Йасауи жолы негізінде қалыптасты. Ал, қазіргі күні келіп, қазақтың ана салт-дәстүрі, мына әдет-ғұрпы Құранда  жоқ, исламға жат деп үкім шығару – қазақтың дәстүрлі діни танымына қайшы екендігін көпшілігіміз түсіне бермейміз.

Демек, қазақ халықының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қазақ халықының діні мен діни танымымен тығыз байланыста болып, қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізі болған Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жолы негізінде қалыптасып, киелілік сипатқа ие болды. Оның үстіне мың жыл бойы исламда дұрыс деп қабылданған «Ахл ал сунна уа-л жама‘ның» құрамындағы ханафи мазхабының құрамдас бөлігі болып табылады. Әрине, Йасауи жолының өзіндік ерекшелігі бар. Алайда, бұл ерекшеліктер исламға қайшы келмейді. Сопылық тариқаттар – Аллаға баратын жолдар деген мағынаны білдіреді. Әркім ол жолдар ішінен өзінің мүмкіндігі мен уақытына қарай таңдайды. Йасауи жолы – түркінің рухани, мәдени ерекшеліктерін ескере отырып жасалған, оның рухани қажеттіліктерін толық қамтитын Аллаға ұластыратын жол. Қазірге дейінгі қазақ халқының дәстүрлі діни танымы осы Йасауи жолы негізінде қалыптасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің  өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін қалыптастыруға негіз болды. Басқаша айтқанда, Йасауи жолы ислам дінінің түркілер арасындағы өмір сүру формасы еді. Йасауи жолында түркілердің тек рухани, мәдени болмысы емес, мемлекеттік жүйесі де осы жолмен бірлікте қалыптасты. Мысалы, некелік қатынастағы жеті атаға дейін қыз алыспау мәселесі біріншіден, қан тазалығын сақтауға мүмкіндік берсе, екіншіден, түркілік мемлекеттік жүйенің негізін құрайтын рулық, тайпалық жүйенің сақталуының кепілі еді.  Некелік қатынасқа мұндай қатаң талап Йасауи жолынан өзге бірде-бір тариқатта жоқ. Өйткені, рулық, тайпалық жүйе  мемлекеттіктің тірегі ретінде тек түркі мемлекеттігінде ғана бар. Ол жүйені сақтау - түркі мемлекеттігінің негізін сақтау. Бұл түркі халықтарының тек рухани, мәдени болмысы емес, мемлекеттік жүйесі де Йасауи жолы негізінде қалыптасқандығын білдіреді. Ортағасырларда Йасауи жолынан шегіну Алтын Орда, Өзбек ұлысы сияқты мемлекеттердің ыдырауына әкелсе, Қазақ хандығының күйреуі де Йасауи жолынан шегінуге байланысты болды. Бүгінгі күні қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізін құрайтын Йасауи жолына жасалып жатқан шабуыл  ертеңгі күні қазақ халқының толығымен тарих сахнасынан кетіруге ықпал етері хақ.

Бүгінгі күні «әсіре исламшылдар» Йасауиге, Йасауи жолына, осы жолдың өзіндік діни жол-жоралғыларына: атап айтқанда, әулиелерге зиарат ету, әруақтарға арнап ас бару, зікір ғибадаты сияқтыларға шабуылдаумен шектеліп отырған жоқ. Йасауи жолы негізінде қалыптасқан бүкіл әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қарсы шабуылын үдетіп отыр. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері халықтың діни танымының материалданған көрінісі, символдары. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін өзгерту діни таным негіздерін, киелі саналған бүкіл символдарын жояды. Бұл халықты діни танымымен қоса, рухани, мәдени болмысынан толық ажыратуға әкеледі. Басқаша айтқанда, қазақ халқын тамырымен қопарып, тарих сахнасынан кетіреді. Сондықтан, қазақ халқының дәстүрлі діні мен діни таным негіздерін, осы негіздермен сабақтас қалыптасқан дәстүрін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, салт-дәстүр халықтың генетикалық коды.

Жандарбек Зікірия, т.ғ.к.,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік

университеті Түркология ҒЗИ-ы

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.