forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін41
mod_vvisit_counterКеше255
mod_vvisit_counterОсы аптада1242
mod_vvisit_counterӨткен аптада2582
mod_vvisit_counterОсы айда4484
mod_vvisit_counterӨткен айда12572
mod_vvisit_counterБарлығы719675

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 3.228.220.31
,
Күні: 2020-08-14
Әбу Ханифа мен Имам Матуриди орта азиядағы мұсылмандықтың тірегі

1200 жылдан астам уақыт исламдық дәстүрмен өмір сүріп келе жатқан қазақ елі Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди ақидасы  негізінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз.

Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық болмысымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз»,-деп атап көрсетті.

Көріп отырғанымыздай, Елбасымыз рухани құндылықтардың біздің қоғамымыздың дамуының бір бөлігі екеніне және дәстүрлі исламның дамуына көңіл бөліп отыру қажет екендігіне назарымызды аударуда.

Қазіргі діни радикализм қатері сақталып тұрған аласапыран заманда еліміздің рухани кеңістігінің қауіпсіздігін аман алып қалу өзекті және маңызды. Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес және жалған діни ағымдар мәселесі өзекті болып тұр. Діндарларымыздың бір бөлігі қоғамымызға жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдап, соның ықпалында кетіп жатыр.

Азаматтарымызды ислам дінінің дәстүрлі жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысып жүрген кейбір күштердің жетегіне еріп жүргендер үлкен алаңдаушылық туғызады.

Шеттен келген қате және жалған діни ілімдер біздің қоғамымызды көгертеді дегендердің саналарына, бабаларымыздың ғасырлар бойы Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди мектебін ұстануының арқасында ұлтымыздың ұйытқысы болғанын сіңіру керек.

Баршамыз мақтаныш тұтатын кешегі өткен Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани, Һибатулла әт-Тарази, Хусам ад-дин әс-Сығнақи және басқа да Сығнақ пен Кердерден, Тараз бен Отырардан шыққан ғұламаларымыздың бәрі де фиқһта Ханафи мәзһабын, діни сенімде Матуриди мектебін ұстанған. Сондықтан о бастан суннит болғанымыз, іс-амалда Ханафи мәзһабы мен сенімде Матуриди жолын таңдағанымыз халқымыздың ұлт ретінде ұйысып, мемлекет ретінде дамуына тың серпін берген.

Көріп отырғандарыңыздай, қазақ топырағындағы аса бай  ислам құндылықтары және тарихи  тұлғаларының өміріне терең үңіле қарасақ, дін ғұламаларына қара жаяу емес екендігімігзе көзіміз жетеді.

Ислам дінінің қазақ даласына келгеніне ХІІ ғасырдан аса уақыт өтті. Әбу Ханифа мазхабына негізделген Матруди ілімі ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, мұсылмандар 1000 жылдан астам уақыттан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын жүргізуде. Осының арқасында әртүрлі қайшылықтардың жолы кесіліп, керағар пікірлер алдын алынып келді. Сондықтан да, мәзһаб ұстану қазіргі заман талабы.

Соның ішінде біздің еліміздің мұсылмандары ұстанатын Ханафи мәзһабы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңында «ханафи бағытындағы исламның халықтың мәдениетiнiң дамуы мен рухани өмiрiндегi тарихи рөлiн таниды» - деп жазылғаны баршамызға мәлім. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарауындағы мешіттердің түгелі осы Заңның аясында Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди діни сенім жолын ұстанып, соған орай амал етуде. Осылайша, біріншіден шариғат амалдарының бір болуы басқа жат пиғылды ағымдардың енуіне жол бермесе, екіншіден, ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түседі.

Исламда бір мәзһабта болудың артықшылығы – халық біртұтас, ынтымағы мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір сыры осында.

Бәрімізге де белгілі болғандай, Имам Ағзам Әбу Ханифа ислам әлеміндегі бүгінгі күнге дейінгі ең танымал мұсылман ойшылы болып саналады.

Бүгінгі әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса олардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады.

Қазақстанда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру және ұлттық ерекшелікті сақтау жолында Имам Ағзам Әбу Ханифаның діни мұрасы ерекше тарихи рөл атқарған. Әбу Ханифа мазһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез келген дәстүрлерімізді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл осымен де құнды. Қазақ халқының көптеген дәстүрлері исламға дейін де болған, исламнан кейін де осы хақ діннің аясында жоғалмай сақталып келеді. Әдет-ғұрыпқа келетін болсақ, бұл діни түсініктің қалыптасу негізін және мінез-құлықтың қалыптасуының факторы. Қандай бір ұлт болмасын қандай дінге кірсе-де әдет-ғұрпын толығымен жоя алмайды. Керісінше дінмен бірге әдет-ғұрпын сабақтастырып, қатар ұстанады.

Бүгінде атам заманнан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізбен сабақтасқан діни әдет-ғұрыптарымызды бір ғасырлық үзілістен кейін қайта қалпына келтіру кезінде біз көптеген қиыншылықтарға тап болудамыз, ең бастысы бұл халықтың діни сауаттылығының төмендігі. Діни сауаттылық деңгейін көтеру үшін алдымен тарихымызды жақсы білуіміз керек.

Ханафи мазһабын берік ұстанған адамдар, оның ішінде біздің ата-бабаларымыз да  ең мықты мұсылмандар болғаны тарихтан белгілі. Ислам дінінің кеңінен қанат жайып, ғылымда, өнерде және мәдениетте әлемдік өркениеттің жоғары сатысына жетуіне баға жетпес үлес қосқандар осы мазһабтың өкілдері десек, қателеспейміз.

Абу Ханифа ілімін жалғастырушы, Орта Азия аумағында дәстүрлі суннизмнің нығаюына теңдессіз үлес қосқан имам Әбу Мансұр әл-Матуридидің рөлі мен рухани мұрасын  зерттеу өте маңызды.

Кемеңгер ойшыл, ғалым әл-Матуридидің ақида саласындағы ұстаздарының тізбесі Әбу Ханифаға барып тіреледі. Ол Әбу Ханифаның ақидаға байланысты еңбектерін оқып, өз көзқарасын Әбу Ханифаның пайымдауларының шеңберінде жүзеге асырған. Сол себепті Матуриди Әбу Ханифаның ізбасары болып саналған.

Кәламшы және тәпсірші ретінде танылған Матуридидің ғылыми танымының қалыптасуы мен Матуридилік мектебінің пайда болуын дұрыс түсіне білу үшін, оның өмір сүрген дәуірінің, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси жағдайынан хабардар болу керек. Сонымен қатар, сол кезеңдегі ағымдар мен олардың пайда болуына әсер еткен факторларды да жан-жақты қарастырған жөн. Әбу Мансур әл-Матуриди – ислам дінінің ақида саласында мол мұра қалдырған ұлы ғұламаларының бірі.

Бүгінгі әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса олардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады. Ал олар имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Имам Матуриди Исламды озық ой мен прогресстің діні ретінде бағыт етіп алды. Сондықтан бүкіл күш-жігерін де алғашқы күннен ағартушылыққа арнады. Осы сенім негіздері – Орта Азия, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Әсіресе, бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек таралған. Әрине, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары да бар.

Біз бүгін мемлекеттің ішкі діни тұрақтылығын сақтап тұру мақсатында сунниттік, оның ішінде ата-балаларымыздың таңдауы Ханафи бағыты болғандығын, діни төзімділік барлық діндердің түпкі қайнарында, өзегінде бар құндылық екенін жеткізе білсек, келер ұрпақты жат ағымдардың құрсауында қалдырып, зиянды идеялармен улануының алдын ала аламыз.

Діни сенім мәселесі өте нәзік және жоғары теологиялық абстракті ұғым. Сондықтан әртүрлі исламдық ағымдар оны өз мақсаттарына пайдаланбас бұрын оның қаншалықты қажеттілігін, пайдасы мен зиянын таразыға салып барып әрекет жасағандары дұрыс. Теолог- ғалымдыр қарапайым діндарлардың өз бетімен Құдай туралы ілімге терең кірулерін құптамайтыны белгілі. Өйткені бұл тақырып - діни сауаты төмен діндарлардың арасында түсініспеушілік пен пікір қайшылығын туғызады. Сол үшін бұл мәселе жалпылама талқылауға арналмаған, тек дін ғалымдарының жетекшілігімен ғана дұрыс бағдар алуға болатын ұғым. Өсіп келе жатқан ұрпақты экстремизм, фанатизм және радикализмнен алыстату жолында, оларға дұрыс тәрбие беру маңызды.

Ол үшін баланы ең алдымен қарапайым әдеп негіздеріне баулып, жан-жақты сауатын ашып ғылымға үреткеніміз абзал.

Исламды құтқару ойдан шығарған ағымдар (мазхабтар) ойлап табу жолымен жүзеге аспайтыны айдан анық. Біз исламның Орта Азия аймағындағы тарихи дамуының барлық тұстарын тұтастай қарап, өткеннен сабақ алып бұрынғы қателіктерді қайталамауымыз тиіс. Матуриди ілімі бүгінге дейін сүнниттік дәстүрлердің үстемдігін қамтамасыз ете отырып, исламдық дүниетанымымызда ойып тұрып орын алды.

Ислам діні сан ғасырлардан бері халқымыздың тірегі, ақыл мен парасаттың, озық ғылым мен ұлы өркениеттің, мәдениет пен татулықтың діні болып, салтымызға сіңіп дәстүрімізге айналды. Дәстүріміз бен мәдениетімізге біте қайнасып, ұлттық құндылықтарымызға сіңісіп кеткен Абу Ханифа ілімі мен Матуриди мектебі ел мұсылмандарының бірлігінің арқауы бола алады. Сондықтан да бәріміз ой-пікірімізді өзгертуге тиіспіз. Алда тұрған міндеттерді шешу үшін ислам өркениетінің қайта өрлеуіне қызмет етіп, жаңа идеялардың алға жыл­жуына қабілет танытатын ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Өзге дәстүрлі дін өкілдерімен де жарастықта өмір сүру, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсуге жұмыс жасау – біз ұстанатын діни жолдың негізгі бағыты һәм асыл мақсаты болмақ.

Балғабек Мырзаев

http://e-islam.kz

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.