forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін57
mod_vvisit_counterКеше255
mod_vvisit_counterОсы аптада1258
mod_vvisit_counterӨткен аптада2582
mod_vvisit_counterОсы айда4500
mod_vvisit_counterӨткен айда12572
mod_vvisit_counterБарлығы719691

Казир сайтта: 4
Сіздің адрес 3.228.220.31
,
Күні: 2020-08-14
Абайдың діни көзқарастары

Қазіргі алмағайып заманда ұлы Абай рухымен тыныстау, сол арқылы болмысы бөтен ой-танымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға зәрулік зор. Төменде данышпан ғұламаның дінге, иман, тағатқа қатысты жалпыадамзаттықой-танымдары түндігін түріп көрмекпіз. Діннің ішкі мазмұны болып табылатынғылым, ақыл, мейірім, әділет сияқты категорияларды ашып-ақтармай тұрып, дініміз исламның потенциалын ашу қиынға соғады. Тән сияқты жан да азық іздейді. Базарда қатар-қатар тұрған сатушылар сияқты, әрбір дін иелері «жан азығы міне» деп өздерінің ілім, танымдарын тықпалайды. Бұл орайда, қайсысы көңіліне жақса, жастарымыз соған ауып кетуі ықтимал. Сондықтан бәсекелестік жағдайында шаң қауып қалмау үшін жан нәр алатын бұлақтарды мейлінше күшейту ләзім.

Бір данышпан:«Жақсы әфсанасыз ұлы халық болмайды», - депті. Қазақ халқы әфсанасының көмбесі - Абай мұрасы екені талассыз. Әсіресе, қазіргі алмағайып заманда ұлы Абай рухымен тыныстау, сол арқылы болмысы бөтен ой-танымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға зәрулік зор. Төменде данышпан ғұламаның дінге, иман, тағатқа қатысты жалпыадамзаттықой-танымдары түндігін түріп көрмекпіз.
Хакім Абай қиыр шеттегі Шыңғыстау бөктерінен-ақ Еуропаның ақыл-ойы дамуынқалт жібермей қадағалап отырған. Идеологиялық «вирус» тәрізденген дарвинизм һәм материализм ілімдері қалыптасуы мен таралуы жайын бақылады. Сол сияқты Ресей мұсылмандарының мәдени қозғалысы – жәдитшілдер, оларды жақтамаған Семей қаласындағы имам, халфемен қажылар қауымыөзіне мәлім.Қалың еліқазағының діншілдігі туралы Абай былай дейді: «Қазақ құлшылығым Құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. …Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды» (16-сөз).

Жасы елуді еңсерген Абайды дүниенің көрінбейтін сырына бойлап, тура жол - ғидаятты табуға ынталандырған сыртқы жәйттер міне осылар болды. Ал, ішкі себеп - өзінің ерекше қабілет иесі екенін сезінгендігі дейміз.

Дененің барша қуаты,

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл – суаты,

Махаббат қылса Тәңірі үшін (1896).

Ұлы ақын «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде осылай түйіндесе, бұл, сірә да, өзі басынан кешкен хәлден алынған даналық сөз. Абай жасынан діни тәрбие алды. Діндар болып өсті. Мысалға 1866 жылдың 8 наурызында оқудағы інісі Халиуллаға жазған қысқа хатында «Құдайға шүкір», «Алла тағаладан қайтсын», «Құдай тағала қаласа» және «Құдай тағалаға сиынып» деп мәртебелі Жаратушы Иемізді төрт мәрте еске алады. Жиырма бір жаста ерен құдайшыл болған адамның келешекте ұлы теолог болып қалыптасуы таң қалдырмаса керек-ті.
Қалай десек те, хакім Абай бойына Тәңірінің нәрі, қуаты құйылғанынтүйсіндіәрі сәйкесінше махаббат қылды. 38-сөзінде: «Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз. ...Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматпенен жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік шамасында білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге хакім деп ат қойған» десе, бұл өзі сезінген, көзі жеткен ақиқат пайым екені сөзсіз.

Бір сөзбен айтқанда, 38-қарасөзі Абайдың Құдайға ғашықтығының куәсі әрі барлық діни көзқарастары тоғысқан басты мұраболып табылады.

Мәшһүр Жүсіп: «Әсілі, қазақ тілі – жұмбақ: не айтса, бәрінің шешуі бар; шешуін білуге тырысу керек», - дейді. Абайдың 38-ші қарасөзітапсол сияқты - дін, иман, ой-санабәрінің де шешуін береді.

Құр сөз болмауы үшін Абайдан теологиялық ілімді суыртпақтайық. Тәңіріні танып-білу екі жолменен: заты және хикметі бойынша. Тәңірінің заты таныла ма? Жоқ, ол болжаусыз, адамның ақылына сыймайтын стихия. Демек, адам баласы Тәңіріні текхикметі (ісі, жолы, заңы) арқылы ғана танып-біле алады. Абайша Тәңірінің әлемді меңгеретін екі хикметібар. Олар - махаббат пен әділет. Осыған Ғылым-Құдірет сипатын қосады. Себебі: «Біз Жаратушы (Өзін) емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз». Бұл арада «жаратқан көлеңкесі» деп Абай материалдық әлемді айтқан. Оны танып-білудің құралы, әрине, ғылым.

Сонымен, құдайшылық, мейлі, адамгершілік мұраттар тұрғысынан алсақ та,өзгермейтін үш негіз бар, олар - ғылым, махаббат, әділет.Бұлар бірін бірі өсіретін, толықтыратын категориялар. 38-сөзінде Абай махаббат пен әділет ұғымдарын қосақтап, «әділет-шапағат» деген аса маңызды терминді айналымға енгізеді.

Ислам пәлсапасы бойынша Тәңіріні танудың шарты -көңілде махаббат тұруы. Сопылықты «махаббат діні» дейтіні сол. Тақуа әулиелер Тәңіріге ессіз-түссіз ғашық болды. «Ғашықтары сол хәлге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадилар», - дейді Абай.Ойшылдыңөзі де Жаратушы Иені «жаннан тәтті» сүйді. Сөйтсе-дағы дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасынұмытқан емес. Берісі - «қалың елі, қазағы», әрісі – күллі адамзат қамы деп түн ұйқысын төрт бөлді.Абай мен суфизм арақатынасын тексеру өз алдына тақырып.

Біз «Құдайдың пендесіне салған жолы қайсы?» деген мәселеге ойысалық. Өйткені, 38-ші қара сөзде Абай көтергенекінші мәселе осы. Адам баласының көркем мінезді болуы, Абайша пенделіктің кәмәлаты тура жолды табуға тіреледі. СондықтанАбай қиын сырлы ізденістерін былайша сабақтайды: «Құдай тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз (шектеусіз) болды. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол Құдайдың жолы емес» (38-сөзі). «Құдай жолы қайсы?» дегенге бұдан асқаннақты әрі түсінікті анықтама беру мүмкін емес сияқты.

Суфизм ілімі мен Абай танымы арасындағы айырмашылыққа осы анықтама сәулесін түсіреді. Абайдың идеалы - қоғам дамуына ықпал ететін азамат. Ал, қоғамға пайдасы жоқ масылдықты «харекетсіз – сопы монтаны» деп сынап-мінейді. «Ғұмыр өзі - хақиқат» деп түйін түйеді.

Сонымен, Құдай жолы, яғни тура жол қайтсек ашылмақ?

Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол!

Гәп иманда екен. Жалпы осы екі жол Абайдың дінге деген көзқарасын ұғудың кілті есепті. Иман - діннің ішкі өзегі, ал тағат - тек оны сақтаушы, күзетуші ғана. Тағат иманға (ақ жүрек болуға) қызмет етуге тиісті.

Осы пайымды «Дін» деген өлеңінде Шәкәрім былайша таратып айтады:

Мейлі, кімге шоқынсын,

Шын іздесе Тәңірісін,

Қиянатты жау білсін,

Онан тыйып нәпсісін.

Тәңір жолы – ақ жүрек,

Сайтан деген – қиянат.

Ақ жүректі ертерек,

Ескер-дағы, қыл әдет.

Қайталап айтайық, Абайдың діни көзқарастары желісін теология ілімінен тартады. Ойшылдың теология ілімі - ғылым, махаббат, әділет деген үш категорияғанегізделеді. Осы үшеуіне жекелей тоқталайық.

Ғылым туралы Абай көп айтқан. Кейбірін келтіре кетелік. «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» (10-сөз). «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (38-сөз).«Ғылымның бір аты – ақыл» (сонда). Қысқасы, ғылым (ақыл-ес) - Жаратушының адамға дүниені тануы үшін дарытқан құралы. Оны қолданбау қиянат емес пе.Дін осы екен деп, ой-сананың бәрін тұмылдырықтап-тұмшалап тастау жөн бе.Дін ғылымсыз, өлі догматқа айналса - салдары ауыр. Осы жәйтті Абай «бүкіл шығыстың сол заманға шейін кенже қалуына себеп болған кесел-кедергінің бірі деп танып, онымен бірде-бір адым баспайды. Аулақ серпеді» (М.Әуезов). Құран Кәрімде намаз, зікір туралы 77 аят болса, ал ғылым-білімге қатысты аят саны 770 жетуі көп жайды аңғартады. Ойшылдың әрқашанда ғылымды азық қылуға үндейтіні сол.

Махаббат, әділетке келейік. Абай:«..Неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайық деген» (45-сөз) деп дәлел алады. Құдайдың әмір, заңдары көп. Солардың ең ұлығы - мейірім, әділет екенін Абай: «Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі», - деуімен бекітеді. Осы ақиқатты соңғы өсиет өлеңінде: «Осы үш сүю болады имани гүл» деп діттеп, әр адамның жүрегіне жеткізуге тырысады. Абайдың теологиясы мәңгі көнермейтін, ескірмейтін құндылық.

Қазіргі таңда дін атын жамылған жат ағымдар жұртшылықты алаңдатып отыр. Сондықтан оны айналып өте алмаймыз. Орысданасы Лев Толстойдың 1900 жылы А. Власов дегенкісігежазғанхатындашала, жасанды діндарлық жайындаайтқаны: «Ложные рассуждения, те самые, которые развели в мире ложные учители, приведуть к разногласию и раздору, а разум, если он не извращен, не может привести к разногласию, потому что, как у всех людей тело одинаковое, у всех руки, ноги, уши, глаза, так и разум у всех один, и только один разум всех соединяет».

Діни схолостиканы Абай да мұсылманды ақыл-естен, ислам мәдениетін нәрі-сөлінен айырғаны үшін қатты сынға алған. Аят, хадисті ақылға салма дегенимам, ишандарды аяусыз шенейді. М. Әуезовтің сөзінше«сынау ғана емес, жазғырып, айыптаумен тынады».

Сонымен, дін мен иманның шын негіздері - ғылым, махаббат, әділет. Бұлар Жаратушы Иеміздің ісі, он сегіз мың ғаламды меңгеретін басты заңдары болып табылады. Қоғам дамуы үшін осы үшкілді бірдей ұстау маңызды. Бірінсіз бірі кемел, толық бола алмайды. Абай, Шәкәрім күллі адамзатқа жол сілтеген рухани көсемдер. Жастардың құлағына алтын сырға, олардай данасы бар халыққа ұстазды сырттан іздеу жараспасы анық.

Абайдың діни көзқарастары туралы мақаланы ғұлама М.Әуезов айтқан «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні» деген пайыммен сабақтағымыз келеді. Дін феноменін Абайша түсіну және қабылдау - уақыт талабы деген пікірдеміз. Сонда ғана тура жолды адаспай таба аламыз.

Асан Омаров
ДІА «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
және талдау орталығының» жетекші ғылыми қызметкері

Мақала ult.kz сайтынан алынған

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alashuni/abaydyin-dni-kozkarastaryi-52098/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етілед

і

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.