forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін254
mod_vvisit_counterКеше435
mod_vvisit_counterОсы аптада1461
mod_vvisit_counterӨткен аптада2448
mod_vvisit_counterОсы айда4525
mod_vvisit_counterӨткен айда10653
mod_vvisit_counterБарлығы472517

Казир сайтта: 5
Сіздің адрес 35.175.190.77
,
Күні: 2018-12-13
02.06.2016ж. ИСЛАМ ЖӘНЕ ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ БЕЛЕСТЕРІ

Ислам алғаш ғылыми қозғалысты тудырған дін ретінде адамзат тарихынан орын алды. Бірінщі нақыл, яғни ислами ғылымдар, сосын ақыли яғни жаратылыстану ғылымдары мен аудармалар арқылы ислам ғылымы мен өркениеті басталды. Ислам ғылым тарихында жалпы адамзат тарихында 750-870 жылдары арасын ислам ғылымының жаппай өркендеген дәуірі деп атайды.

Бұл кезеңде Ислам Аббаси мемлекеті басында Мансұр, Мамун, Махди, Харун Рашид, Муғтасим, Уасық сияқты билеушілердің саясаты арқылы ғылым дамыды. Мысалы сол кезеңде Түркілер ислам дінін қабылдап, Талас соғысынан кейін осы ислам өркениетінің құрушылары қатарында болды. Самаркантта бастау алған қағаз өндірісі дамыды. Мамун кезінде Ислам ғылым тарихында «Байт ал Хикма» даналар үйі ашылды. Ислам философиясы мен ғылым қарыштап ілгері кетті. Әлемдік адамзат жетістіктері араб тіліне аударыла бастады. Сонымен қатар бұл орталықтың тарихта жаратылыстану ғылымдары, астрологиялық және аударма жұмыстарымен аты қалды.Бұл кезеңде біздің топырақтардан шыққан ислам ғылымдарын үлес қосқан атақты ғұламалар бар. Олар хадистану ғылымында ең атақты Бухари, Муслим, Тирмизи, Насаилер болса, ақида мен фиқхта Ханафи мен Матуриди еді. Ең алғаш «Байт ал Хикма» бүгінгі тілмен айтқанда университеттің ректоры болған «ал Жабир» де түрік қыпшақ болатын. Бүгінгі «алгебра» пәні мен ғылым атауы соның атымен аталады. Сосын орта ғасыр математика ғылымының негізі салған ал Харезми (750=850) де біздің қазақ топырағынан шыққан еді. Философия мен логикада Платон мен Аристотель мұраларын ислами рухта тұжырымдап, бүгінгі Батысқа үйреткен, «екінші ұстаз» атымен әйгілі болған, ал Фараби (870-950) да қыпшақ даласынан шыққан дана болатын. Медицина саласында мұра қалдырып, еңбектерін Батыс әлі күнге дейін «меди сина» ретінде дәріптеген, Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан Әбу Али Ибн Сина да түркі ислам өркениетіне өзіндік із қалдырған дана.
Сондықтан түрік ислам мәдениеті тарихындағы ең алғашқы университеттер Самаркант, Бұхара, Өзкент, Баласағұн, Яссы, Фараб, Қашқарда ашылған болатын. Қашқарда Саманидің (1166) «Китаб ал Ансаб», Жамал Каршидің «Мулхикат ал Сураһ» еңбектері арқылы бұл жерде ислами ғылымдар тафсир, хадис, тіл, әдебиет жақсы дамығандығын көреміз.


Махмұт Ғазнауи кезеңінде ашылған алғашқы Ислам академиясында Бируни, Утби, Фирдоуси сияқты түрік ғұламалары шыққан. Бирунидің өзі сол кездегі ислам ғылымдарының қай деңгейде екендігін көрсетуге жарайтын өлшем десе болады. Мысалы ол тарих, діндер тарихы, астрономия, математика, тригонометрия, геология, география, физика, ботаника, медицина сияқты салаларда кітап жазып қалдырған ғұлама. Утби «Тарихи Йамини», Гардизи «Зайн ал ахбар», Хусайт Байхаки де «Тарихи Байхаки» деген тарихи мұра қалдырып кеткен болатын. Фирдоуси де «Шахнама» атты әдебиеттің асыл сынығын қалдырған ойшыл данамыз.
Селжұқ билігі кезінде де Махмұт Хорезми, Насируддин Туси, Әбу Мансұр Хазини, Махмұт Ылақи, сияқты түркі мұсылман ойшылдары шықты. Ислам діні ғылымдарынан атақты Әбу ал Маали Жувайни (1085), Ханафи факихы Паздауи (1089), атақты «ал Мабсуд» авторы Сарахси (1090), мазхаб тарихын жазып қалдырған Шахристани (1153), Қады Байдауи ( 1286) атақты мутакаллим, факих, философ каламшы Кутбуддин Ширази (1311), тафсирші Замахшари (1144), калам философ, Фахриддин Рази (1209)..Әмір Темір заманындағы Молла Жами, Әлішер Навои, Ұлықбек (1394-1449), Хусайн Байқара (1438) сияқты ғұламаларымыздың мұраларынан ақ ислам діні мен ғылым арасындағы байланыстың бірлігін көруге болады.
Адамзаттың ең асыл қазынасы ол тілі. Адам сол тілі арқылы өзінің дүниесін, ішкі әлемін, сезімі мен танымын, өнері мен мәдениетін, діні мен ділін түсінеді, таниды, танытады. Сондықтан тіл туралы тек қана түркі әлемінде ғана емес, әлемге тіл білімі теориясының негізін салып беріп кеткен Махмұт Қашқари атамыз болатын. Қашқари (1073-77) жылдары арасында Бағдатта сол кездегі мемлекет басшысы Муқтади Биллаһқа ( 1074-1094 жж. билік құрған) «Диуани лұғат ит Турк» деген еңбек жазып сыйға тартады. Негізінен бұл кітап арабтарға түрік тілін үйрету үшін жазылған. Аты қарапайым түрік тілінің сөздігі ретінде танылса да ішінде, кейінгі ұрпаққа берері мол мұра болып қала бермек. Онда Қарахандардың тарихы, елі мен жері, ру тайпалары, тегі мен тілі, мәдениеті, әлеуметтік өмір салты, тұрмыс салты, аңыз апсаналары қамтылған. Тіліміздің бүгінгі грамматикалық құрылымы, лексикалық түпнегіздері, сөз сыныптамалары, сөздің шығу тегі туралы теорияларды осы еңбектен табамыз. Сол сияқты алғашқы Құран аудармаларына негіз болатын терминдердің баламасы да осы еңбекте сақталған.


Жүсіп Хас Хажип (1070) тарапынан жазылған мемлекет философиясы туралы жазылған еңбек «Құт адғу Билик» деп аталады. Табғаш Бұғра Ханға сый ретінде жазылған парасатты ел болу жайлы кітап. Бұл кітап Фарабидің «Парасатты ел тұрғындарының көзқарастарының төркіні» деп аталатын еңбегінің түсіндірмесі іспетті. Мемлекет саясаты, даналық пен құқық, әділет пен ар мәселелері Құран негізінде түсіндірілген саясатнама, моральдық философиялық мұра.
Әдиб Ахмет Йүгнеки атамыз да артына «Атибат ал Хақаиқ» яғни Ақиқат сыйы деген еңбегін бізге мұра қылып жазып кетіпті. Бұл еңбекте адамның ары, сабыр, иман, ихсан, махаббат, тілге беріктік негіздері арқылы түсіндірілген. «Басқа бәле тілден» деген мақалымен есте сақтасаңыздар болады.


Ахмет Иасауи бабамыз «Диуани Хикмет» атты еңбегін хикметтері арқылы жазып қалдырған. Еңбекте Алланы танудың рухани әдістемесін, тәжірибесін, хәл және мақамдар арқылы ашып көрсеткен. Алланы тану өзіңді танудан басталады. «Кім өзін таныса Алланы таниды» деген пайғамбарымыздың нақылын хәл ілімі арқылы ашып танытып кеткен. Иасауидің осы салып кеткен хикмет жазу дәстүрі кейінгі барша түркі мұсылман шайырлары мен даналарына үлгі болды. 
ӘбулФутух Абдулғафур ал Хусайн (1096) «Тарихи Қашқар» атты тарихи мәдени ескерткіш жазып қалдырды. Сонымен қатар «Сатұқ Бұғра Қарахан» аңыздары да осы дәуірде жазылды. Бұл түріктердің алғаш ислам өркениетіне еніп қалдырған мұралары. Негізінен исламдағы құқық мектептері мен теориялары осы Қарахан мемлекеті дәуірінде қалыптасты. Мысалы Бұрханиддин Маргинани, Шамсу Аимма Сарахси, Әбу Заид Даббуси, Фахрул Ислам Паздауи, Садрушшахид Кашани, Омар Насафи, Сиражуддин Уши, Хусамиддин Сығнақи және қазақ топырағынан шыққан, әлі мұралары игеріомей жақтан бес жүзден астам ғұламалар ислам ханафи фиқх теориялары мен негіздерін жазып кетті.

Досай Кенжетай

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.