forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін147
mod_vvisit_counterКеше197
mod_vvisit_counterОсы аптада1025
mod_vvisit_counterӨткен аптада1391
mod_vvisit_counterОсы айда4450
mod_vvisit_counterӨткен айда8098
mod_vvisit_counterБарлығы423472

Казир сайтта: 2
Сіздің адрес 54.224.91.246
,
Күні: 2018-06-22
КЕҢШІЛІК ТЫШХАН: ЗАҢДЫ ДІНГЕ ҚАРСЫ ЖОЛ ДЕП ТҮСІНУГЕ БОЛМАЙДЫ

Заң үстемдік құрған елде ғана зайырлылық, өркендеу, өсу болады. Ал заң үстемдік құру үшін ол қоғам тіршілігіне қарай жаңарып тұруы қажет. Біздің елімізде де соңғы уақыттары діни мәселелер жиі түйінделіп, наразылықтар байқалған болатын. Жұрт көкейіндегі түйткіл билік пен заң шығарушы органдардың назарына ілініп, іргелі шаруа қолға алынды. Ал жаңашылдықтың бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі қандай? Ойдағы сауалдарымызды Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы Кеңшілік Тышханға қойған едік

 

 

 

 

 

– Алдымен, әңгіме басында заң не үшін керектігін түсіндіріп берсеңіз. Оның ішінде дін туралы заңның ерекшеліктері қандай?

– Қазіргі кез келген зайырлы қоғам, тіпті өздерін қандай да бір діннің қағидаттарын басым санайтын қоғамдардың өзі қоғамдық қатынастарды зайырлы заң нормаларымен реттейді. Бұл – жалпы өркениеті қоғамға тән ерекшелік. Заңды міндетті түрде дінге қарсы немесе балама жол деп түсінуге болмайды. Ол – күнделікті қоғамдық тіршіліктегі қандайда бір қатынастар болмасын, адамның игілігі үшін реттеуші тетік. Сондықтан бүгінгі заманғы қазіргі қоғамды заңсыз елестету мүмкін емес. Біздің елімізде де мемлекет және дін қатынастарын заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесі қарқынды жүру үстінде. 2011 жылы ғана «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, діни бірлестіктердің қызметі бір ізділендірген болатын. Бұл 1992 жылы қабылданға заңның заман талаптарына байланысты өзгертілген нұсқасы еді. Оның себебін еліміздегі діни ахуалдың өзгеруі, кейбір тұрақсыздықты қалыптастырушы, елдің рухани тұтастығына сызат түсіруші ағымдардың бас көтеруі, бүлдіргіш діни топтардан зардап шегушілер санының артуы және тіпті мемлекеттік, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттердің орындығынан деп ұғу керек. Алайда, аталмыш жаңа құжаттың қабылдануымен дін саласындағы барлық түйткілді мәселе өз шешімін тапты деуге болмайды.

Енді дін туралы заңға не үшін толықтырулар енгізілгенін әңгімелесеңіз. Ілгерідегі заң мен қазіргі жаңа нұсқасынан қандай ерекшеліктерді немесе айырмашылықтарды көруге болады?

– Соңғы жылдары радикалды топтардың белсенділігі артып, халықаралық экстремистік ұйымдардың елімізде де бас көтеруі біздегі дінге қатысты заңнамалардың әлі де жетілдірілуін қажет ететіндігін көрсеткендей. Бұл діни қызмет саласын қазірден бастап мемлекеттік мекемелер қатаң қадағалап, өз уақытында реттемейтін болса оның зардабының орасан болатындығын аңғартты. Сол себепті зайырлы мемлекетке тән, барлық азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғай алатындай заңнамалық тетіктерді қалыптастыру – біздің қоғам үшін алдыңғы қатарлы мәселе. Оның үстіне, діннің біртұтатас бағытта қалыптаспауы, діни ұйымдар мен топтардың арасындағы зайырлылық қағидаттарына байланысты төзімсіздіктің артуы, халық арасындағы ауызбіршілікке сызат салуы сияқты түйткілді дүниелердің де туындап жатуы осындай қадамдарға жетелеп отыр. Бұл – алдыңғы қабылданған заңдар мен нормалардың барлығы қазіргі шарттарға жарамсыз болып қалды деген сөз емес. Тек сол талаптардың толықтырылуы, сол нормалардың жетілдірілуі деп ұққанымыз жөн. Бірақ, талаптар айқындалып келеді. Діни уағыз, жүріс-тұрыс, киім нормаларына дейін қамтылған жаңа толықтыруларда мемлекеттік ұстаным барынша ұғынықты болып, талаптар нақтылануда деуге болады.

Сөз орайында, аталған толықтыруларға кеңірек тоқталып, деректеріңізді көрсетіп берсеңіз.

– Әрине, толықтырулар тізбесі барынша ауқымды. Дегенмен, ең бастыларынан бірнешеуін әңгімелесем, жаңа толықтырулар бойынша адамның бет-әлпетін жасыратын киімдерді киюге шектеулер енгізілген. Бұл жалпы діннің талаптарын да бұзбайды. Оның үстіне, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда адамды тану, анықтау үшін өте тиімді талап. Сонымен бірге мемлекет шет елдерде діни білім алу мәселесін де белгілі бір деңгейде реттемек. Бұл – өз кезегінде жеке діни оқу орындарына барып, әртүрлі идеологияларды сіңіріп келіп, ел ішін бүлдірудің алдын алу үшін аса қажетті шара. Өзге елде діни білім алуға тек өз мемлекетіміздегі нақты айқындалған діни білім беру мекемелерінен базалық діни білімін жетілдіргеннен кейін ғана рұқсат етілмек. Сонымен бірге, кәмелеттік жасқа толмағандарды діни рәсімге тарту, діни бірлестіктерге қатысты ұғымдарды анықтау мәселесіне қатысты да нақты талаптар қойылмақ. Тағы бір айта кететін жайт, заң жобасынан алынып тасталса да өте маңызды ұсыныс діни ғұрып бойынша некесін қидырып, заңды түрде некеге тұруды қажет етпейтіндерге тыйым салу. Бұл ұсыныс опық жеп қалған әйел азаматтардың шағымдарына сәйкес енгізілген еді. Мәселен, ата-анасынан жасырын түрде мешітте некесін қидырып, артынша күйеуі үш рет «талақ» айтып тастап кеткен қыздар қаншама. Тірі жетім болып қалған сәбилер мен жесір әйелдер бұрынғы күйеуінен көк тиын өндірте алмайды. Бұлардың барлығы осы уақытқа дейін орын алған келеңсіздіктер назарға алынғандықтан және басқа да алыс-жақын шет ел тәжірибелері ескеріліп жасалғанын баса айтқым келеді. Сондықтан азаматтар арасында және белгілі бір дінді ұстанушылар ішінде түсінбеушілікке жол ашады деп ойлауға негіз жоқ. Себебі, дәстүрлі дін қағидаттары мен діни мекемелер қызметтеріне барынша құрмет көрсетіліп отырған елімізде жаппай дінге, діни ұстанымдарға немесе діндарларға қарсы шаралардың қабылдануы мүмкін емес.

Сөздеріңізден ұққанымыз, бұдан былай көпшілік көкейінде қарсылық тудырып үлгерген, деструктивті діни ағымын ұстанушыларға тиым салына ма?

– Жат ағымдарға қатысты соңғы кездерде өте көп пікірлер айтылып жүргені рас. Олардың ішінде «Бұл – сенім еркіндігі», «Ол – идеология», «Олардың нақты адрестері жоқ», «Бұлар діни ұйым емес» деген сияқты пікірлермен қатар, бұл ағымның жақтастары мен ұстанушыларының төзімсіздікке және лаңкестікке жиі араласуын назарға алатын болсақ, еліміз үшін дәстүрлі исламға қарсы шығып жүрген аталмыш топтың белгілі бір қатаң шешімге ілігуі өте орынды саналар еді. Дегенмен, бұл ағым өкілдерінің белсенділігі, кейбір ұстанушыларының дәстүрлі дінге бет бұруы, елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан Ақпараттық насихат топтарының нәтижелі жұмыстары аталмыш ұйым идеологиясымен басқа да баламалы жолдармен күресуге, тіпті тойтарыс беруге болатындығын айғақтап отыр. Сондықтан қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтиже бермеген жағдайда ғана және ағым өкілдерінің саны артып, немесе төзімсіздігі арта түскенде заңнамалық тетіктер іске қосылуы мүмкін.

Біз сөз етіп отырған заңдық құжат қабылданса, елдегі діни ахуалға қаншалықты әсер ете алады?

– Ахуалдың жақсаруы заңның қадағалануы мен орындалуына байланысты. Діни ахуалдың оң бағытта өзгеруіне осы заңнамаларға енгізілген толықтырулар өзінің үлесін қосады деген үміт бар. Атап айтсақ, бірқатар өзекті тақырыптар, соның ішінде мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы, шет елдерде діни білім алу, бет-жүзді тұмшалауды тоқтату,  діни бірлестіктердің қоғам алдындағы қаржылық ашықтығы сияқты мәселелер реттелетін болады деп күтілуде.

–  Әңгімеңізге рахмет!

http://kazislam.kz

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.