forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін120
mod_vvisit_counterКеше217
mod_vvisit_counterОсы аптада337
mod_vvisit_counterӨткен аптада1830
mod_vvisit_counterОсы айда5020
mod_vvisit_counterӨткен айда7513
mod_vvisit_counterБарлығы545895

Казир сайтта: 5
Сіздің адрес 3.226.251.205
,
Күні: 2019-08-20
САЛАФИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫ РУХАНИ МӘҢГҮРТТІККЕ БАСТАЙДЫ

Салафизм ағымының доктриналық идеологиясын XIII ғасырда Ибн Таймия қалады. Ибн Таймияның доктриналық пікірінің Әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдарының көзқарасымен келіспейтін тұстары көп болды. Сол себепті, Ибн Таймияға өз уақытында Әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдары ескерту беріп, кейбір көзқарасын теріске шығарды. Ибн Таймияның доктриналық ілімін XVIII ғасырда Сауд Арабиясында өмір сүрген Мұхаммед Абдулуаһһаб насихаттап, ары қарай дамытты. Тарихқа үңілер болсақ, уаһабшылдық идеология негізінен XX ғасырдың басында I дүниежүзілік соғыстан кейін өз тәуелсіздігін алды. Алайда, уаһабшылдық идеология көп мұсылман елдерінен қолдау таппағандықтан, олар өздерін жағымды көрсету мақсатында, біз «салафиміз» (бұрынғылардың жолын ұстанамыз) деген ұранымен бүгінде «салафизм» атымен танылып үлгерді.

Қазіргі таңда оларды жақтайтын бір бөлім отандас дінтанушыларымыз салафилік ағымды «қалыпты салафи» және «қауіпті салафи» деп екіге бөліп көрсетуге тырысып жүр. Олардың, елімізге «қалыпты салафилердің зияны жоқ» деген сынды көзқарастары сол ағымды жақтап тұрғандай. Өйткені, салафилік ағымды «қалыпты салафи» және «қауіпті салафи» деп екіге бөліп қарауға келмейді. Олардың қай бағыты болсын сүйенетін доктриналық әдебиеттері бір. Яғни, бәрі Ибн Таймия мен Мұхаммед Абдулуаһһабтың еңбектерінен айналып өте алмайды.

Салафилік теріс ағымның басты идеоллогиясы, ол – буквализм. Яғни, мәңгүрттендіру. Олар өздерінің буквализмдік идеологиясын сіңіруде төмендегідей тәсілдерді пайдаланады деуге болады.

Құран аяттары мен хадистерді түсінуде сыртқы мәнімен шектелу: Олар, «Дінді ақылмен түсінуге болмайды, ол - философия, яғни адасушылық» деген түсінікті қалыптастырады. Мақсаттарына жету үшін мешіт имамдары мен белгілі исламтанушы, теологтардың уағызын тыңдауға, кітабын оқуға тыйым салады. Олардың уағызын тыңдап, кітаптарын оқыған адам таза сенімі бұзылып, адасады деп түсіндіреді. Сөйтіп, дінге жаңа келген адамның көңіліне өзегелерге деген сенімсіздік, жауы ретінде қарау танымын сіңіріп, өз айтқандарынан шықпайтындай хәлге келтіреді. Сондай-ақ, аяттар мен хадистердің мәніне үңіліп, діннің рухын ақыл тұрғысынан саралай алмаған адамның мәңгүртке айналары сөзсіз. Салафилік ағымның ғалымдары, ислам діні баса мән берген: «Ой жүгіртпейсіңдер ме?», «Зер салмайсыңдар ма?», «Ақылды қолданбайсыңдар ма?» деген жүздеген аяттар мен мыңдаған хадистердің мәнін түсінбей қалуы мүмкін бе?! Жоқ, мүмкін емес. Олардың ғалымдары мұның бәрін біледі. Біле тұра істемейді. Яғни, олардың мақсаты соңына ергендерді мәңгүрттендіріп, айтқанын істету, саяси мақсаттарына жету болып тұр. Қасиетті Құранның алғашқы аятының «Оқы...» әмірімен түскенін, «ақылды пайдалану» керектігін қатардағы бір діни тұлға да ажырата алады. Бұл «Оқы...» әмірінің білім іздеуді, үйренуді, толғануды, өзгелердің пікірімен санасуды, т.б. көптеген мағыналарды қамтитыны түсінікті. Соған қарамастан, олардың Құран аяттары мен хадистердің мәніне үңілуге тыйым салып, сыртқы мәнімен шектеп қоюы сөзіміздің дәлелі.

Ұлттық құндылықтарды жоққа шығару: Бір елдің ұлттық құндылығын жоққа шығару – сол елді бағыт-бағдарынан адастырудың басты шарты. Ж.Баласағұн бабамыздың: «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім» - дегенін ескерер болсақ, ата-баба салт-дәстүріне «анау бидғат», «мынау ширк» деп қарсы тұру халқымыздың әдет-ғұрпымен қалыптасқан ұлттық тәрбиеден қол үздірудің бір тәсілі болып табылады. Салафилік ағым өкілдері дінге жаңа бет бұрғандарға қазақ халқының әдет-ғұрпын мүмкіндігінше дінге кереғар етіп көрсетуге тырысып, өз идеологиясын өткізеді. Жақтастарын көбейтеді. Нәтижеде, қазақты қазаққа қарсы қойып, елдің, ұлттың бүтіндігін бұзады.

Зайырлылық мемлекетті мойындамау: Салафилік ағымының көзқарасы бойынша, мемлекеттік конституциясы ислам шариғатынан бөлек, яғни, Құран мен сүннеттен болмаған саяси жүйе болса болды кәпірге шығарады. Зайырлы мемлекеттің ата заңына қолдау көрсеткен, сол елдің экономикасының өсуіне қолұшын берген жандарды да жауы ретінде таниды. Олар елі үшін адал қызмет етіп жатқан, тіпті, мұсылман адамдар болса да өз идеологияларын қолдамағаны үшін айыптайды. Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтқанындай: «Мәңгілік елге айналуымыз үшін еліміздің саяси және діни-рухани идеологиясында қарама-қайшылық болмауы қажет». Салафилік ағымының мемлекет конституциясына қарсы тұруы мемлекет тұрақтылығына кері әсерін тигізетіні даусыз.

Ендігі кезекте, «Салафилік ағымды қалай ауыздықтай аламыз, оның идеологиясын түбегейлі жеңудің жолдары не?» – деген сұрақтардың туындары анық. Салафилік ағымның идеологиясының ықпалында кеткен адам, әрбір ісіне салафилік идеологияның дүрбісімен қарап, сол негізде өмірлік ұстаным қалыптастырады. Оның танымын өзгерту, райынан қайтару көп күш сарып етуді талап етеді. «Отан – отбасыдан тұрады» дегендей, отбасындағы ата-анасын кәпірге шығарып бөлінуі, әйеліне талақ беріп жалғыз басты жесір әйелдер мен тәрбие көрмеген жетімдер осы идеологияның салдары. Сондықтан, оларға қарсы тұрудың ең басты шарты, ол – қоғам мен биліктің өзара үндесуі, ұлттық бірлік. Бүгінгі таңда, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өзге де органдармен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыстар атқаруда.

С.Оқанұлы,

ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері

жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығының

жетекші ғылыми қызметкері

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.