forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін13
mod_vvisit_counterКеше439
mod_vvisit_counterОсы аптада13
mod_vvisit_counterӨткен аптада2944
mod_vvisit_counterОсы айда2113
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704732

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-06
30.10.2019ж

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Ұлттық аударма бюросы құрылып қазіргі таңда философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтитын 18 кітаптың қазақ тіліне аударылғанын атап өтті. Арнайы спикер мамандар ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев және «Психология және акмеология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Мамашкулова оқырмандарға кітаптың таңдалу мақсатымен, мазмұнымен таныстырып өтті.

Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың басты мақсаты – жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылатындығы, еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сенім болып табылатындығы айтылды. Кітапхана қызметкері арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.