forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін281
mod_vvisit_counterКеше557
mod_vvisit_counterОсы аптада2656
mod_vvisit_counterӨткен аптада3497
mod_vvisit_counterОсы айда12692
mod_vvisit_counterӨткен айда11226
mod_vvisit_counterБарлығы633843

Казир сайтта: 9
Сіздің адрес 3.226.122.74
,
Күні: 2020-02-28
ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІНІҢ МАҢЫЗЫ

ТарМПУ «Дарынды ұстаз» факультетінің студенті Маиса АСҚАР

Ең алғаш Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абайдың әдеби мұрасы туралы дәріс беруді Мұхтар Омарханұлы Әуезов бастаған еді. Оның өмірін, шығармашылығын зерттеп, біршама еңбектер жазды.

Абайдың сөзі өзгеше, түсіне алғанның жүрегіне-дәру, санасына-шипа. Сонымен қатар ол «Толық адам» ілімін жасаған – хакім. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы ғылыми тұрғыда сонау Алып Ер Тонадан бастау алған ілім негіздерін атап айтқан еді. Әр ілім ізгілік идеясына сүйенген құндылыққа толы. Абай дәуіріне дейін біз рухани әлемі берік, уланбаған халық едік. Елімізге отаршылдық саясат келген соң ой-санамыз құлдырау процесін бастан кешті. Сыртқы дүниеге «орыстың» терезесінен қарайтындай деңгейге жеттік. Абайдың шығармашылығын зерттеген М.Әуезовтің бұл ілімді ашық түрде атап жазатын мүмкіндігі болмады. Шынын айтқанда, мүмкіндік бермеді. Бірақ қысқа тезистер арқылы Абайдан бойымызға нені сіңіру керектігінің жасырын кодтарын қалдырды. Сол кодтарды түсінуді айтсаңшы? Абайдың ең бірінші елінің ұлттық рухани арнасынан нәр алғаны белгілі. Екінші кезекте – шығыс. Ал шығыс – ол дінмен байланысты. Осы ілімді ғылыми айналымға түсірген М.Мырзахметұлы болатын. Зерттеулерінің нәтижесінде ол «Толық адам» ұғымы өзіндік жүйесі бар дербес бір ілім екендігіне көз жеткізді.

Бұл ілімнің баспалдағы М.Әуезовтің «нравственная личность» деген орыс тілінде жазылған еңбегіндегі сөзінен бастау алады. М.Мырзахметұлы осындай детальдарға мән бере отырып, ол тіркестің «толық адам» болатындығын анықтады. Абайдың он жетінші қара сөзінде ілімді құраушы тіректер баяндалады. Ақыл, қайрат, жүрек – осы үш тіректің бірдей деңгейде болуы, біздің толық адам дәрежесіне жетуімізге себепкер. Алайда ол қандай ақыл, қандай жүрек, нендей қайрат? Оның да жауабы Абайда тұр. «Абайды оқы, таңырқа, басыңды шайқа» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, өмірде рухани құндылықтарымызды толықтыру үшін де оны оқуымыз керек. Ақылымыз нұрлы, қайратымыз ыстық, жүрегіміздің жылы болуы – ең маңызды қағидалар. Ал енді Абай өлеңдерінен мысал келтірсем. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі:

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа,

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа? – деген жолдардан осы үш тіректі аңғартады. Яғни қайрат пен ақыл бәрімізде бар. Ал әділет пен шапқат – жылы жүректің қасиеттері. Қанында қайнап тұрған қайратпен көрсем, білсем деген құмарлықты, үйренуден жалықпайтын ақылды адам денесінің патшасы – жүрекке бағындырмаса, тура жолдан адасады. Ал ол адасудың себебі қыры көп суық ақыл, қаруы мен күші көп қайраттан шықпақ. Абай бұл өлеңінде, алды – жалын деп, осы өмірде суық ақылдың салдарынан жасаған тірліктердің бәрінің сұрауы болатындығын анық айтуда. Сондай-ақ «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек, – дейді. Демек бұл үшеуінің жеке-жеке дараланған жағдайда күні жоқ екен. Осы өлеңнің желісі он жетінші қара сөзде толық ашылған. Өлең түрінде берілген жүйені ол қара сөз үлгісінде жазып қалдырды. Мен нағыз Абаймен Ұстаз университетінде таныстым. Университетіміз Абайтану пәнімен шектеліп қана қоймай, «Дарынды ұстаз» факультетінде «Толық адам ілімі» курсын оқытумен де жаңа заманның жаңа ұстаздарын даярлауда. Ал бұл курстың мақсаты – сол Абай айтқан толық адам болуға септігін тигізу. Әсіресе қазіргі жастар үшін бұл өте керек дүние. Санамыздың одан ары жаңғыруы үшін, жүрегіміздегі адамшылық белгілерін жоғалтпау үшін маңызды.

Абайды даттаған да, жақтаған да пікір иелері болған. Түрлі сыни көзқарастар да толып жатыр. Себебі Абай әлі де ашылмаған құпия, сыры көп жұмбақ. Енді біз Абай туралы өз көзқарасымызды шығару үшін, әуелі Абаймен, оның шығармашылығымен, айтпақ ойымен танысуымыз, ол туралы жазылған сындардан хабардар болуымыз керек емес пе? Оның өлеңдеріне герменевтикалық талдау жасау барысында, әрбір сөздің астарында не жатқандығын анықтаймыз. Ол сол өлеңді жазу барысында, расында не айтқысы келді, мына бізге не бергісі келді, нені насихаттады, осы сұрақтарға жауап аламыз. Ал мұның барлығы «Толық адам ілімі» курсында жүзеге аспақ. Жетпіс жылғы бодандықтың ауыр зардабынан құтылған заманда, өз еркіміз өзімізде тұрған заманда Абайды оқып, сол іліммен қаруланбасақ, рухани жетілмесек құлдық санамен кете бермегімізге кім кепіл?

https://aqjolgazet.kz/?p=110498&fbclid=IwAR35ZL0unI2u20qr89Z4Ulg9bIzoKPqnWLhwV3L5y834FpmL1D8bVbCBAKM

 

Пікірді қалдыру


Қорғаныс коды
Жаңарту



Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.