forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін422
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3331
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2083
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704702

Казир сайтта: 10
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ АТАНЫҢ АҚЫЛЫМЕН, АНАНЫҢ СҮТІМЕН БЕРІЛЕДІ

Адамның адамшылдығыақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Қазақ халқы қашан да ұрпақ тәрибесіне жіті көңіл бөлген. Атаның ақылымен, ананың ақ сүтімен дарыған қасиет кешегі Абайдай дана, Шәкәрімдей ғұлама, Шоқандай шоқтығы биік тұлғаларды қалыптастырды. Бүгінгі жаһандану дәуірі осы дәстүрлі құндылықтарымызға салқынын тигізуде. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген мәнді де, мағыналы нақыл қалдырды. Бұл күні бүгінге дейін құндылығын жоймады. Бүгінгі сұхбатымыз бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, міндеті мен мақсатына, ұрпақ тәрбиесіндегі ескерер жайттарға арналмақ. Бұл мәселелердің мән-жайын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, дінтанушы Кеңшілік Тышхан баяндайды.

 

 
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, ф.ғ.к., дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызымен «Мектепте хиджаб кию мәселесі» тақырыбындағы сұхбаты.

 

Сілтемесі: https://itube.kaztrk.kz/videos/2946/aynur-abdirasilqyzy-din-maseleleri-jonindegi-gylymi-zertteu-jane-taldau-ortalygynyn-direktory-filologiya-gylymdarynyn-kandidaty-suhbat/

 
Уаххабиліктің ТМД аумағындағы халықтарға таралу тарихы

Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз. Діни радикалды топтардың пайда болуының себебі не? Қашаннан бастап бұл идеологияға негіз қалана бастады? Неліктен діни экстремистік топтардың жетегіне жас буын өкілдері тез түседі? Осы сұрақтарға жауап берілмейінше біз  бұл мәселені шешу жолдарын таптық деп айта алмаймыз. Біз осы мақала шеңберінде мүмкіндігіміз келгенінше жауап бергенді дұрыс көрдік. Ол үшін Евразия кеңістіне ислам дінінің таралу тарихына қысқаша шолу жасағанымыз абзал.

 
Қазақ зиялылары және Ясауи танымы

Қазақ сахарасы тұнып тұрған тарихи мекен шежірелі өлке. Шығысында Алтай мен Жоңғар таулары,  батысында Орал тауларымен Жайық өзені, оңтүстігінде Тянь-Шянь мен Қаратау таулары,    солтүстікте Ертіс өзенімен жалғасып жатқан кең атыраб ата қоныс ұлы қазақ даласы.

 
ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс

Жаңа заманда басталған империалистік елдердің шикізат алу көзі мен товар өткізу рыногы ретіндегі отар елдерге деген қызығушылығы, Түркістанды да ірі мемлекеттердің бәсекелестік күрес аренасына айналдырмай қоймады. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі – Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтің жасақтарының жасаған әскери қимылдары нәтижесінде тұтастай Түркістанның, сонымен бірге қазақтың Ұлы жүзінің Ресейге қосылуы аяқталды.

 
Рух тарихы – ұлт тарихы

ҚР Дін істері агенттігі Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызымен сұхбат.

 
Неке жауапкершілікті талап етеді

Қазіргі қоғамымызда ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз күнде айтылса да, сол жастардың отбасына деген жауапкершілігі азаюда. Қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін «адал неке», «ақ неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымдардың мәні мен маңызын жете түсінбей жүрген секілдіміз.

 
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Ислам дінінде, мұсылман халықтарында екі үлкен мереке бар. Бірі – 30 күн Ораза айт мерекесі және одан 70 күннен кейін келетін Құрбан айт мерекесі. Мұсылман күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының 10-күні Құрбан айт мерекесі. Үш күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Қазақ мұсылман халқы үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесі биылғы жылдың қазан айының 15-күніне орай сәйкес келеді.  Құрбан айт деген сөздің араб тілінде «ийд-уль-Адха» делінеді. Құрбан сөзі «жақындау» деген мағынаны білдіреді.

 
Қазақ ақын - жыраулар поэзиясындағы сопылық діни сарымдар

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Ортағасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген. [1]

 
Әшірбек Мүмінов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі, исламтанушы, тарих ғылымдарының докторы: Сириядағы жиһадшы қазақтар жайлы мәлімет – кезекті арандатушылық

– Әшірбек аға, әңгімемізді қоғамды дүр сілкіндірген Сириядағы қазақстандық экстремистер туралы оқиғадан бастасақ. Жалпы саны 150 адам отбасы, бала-шағасымен бірге, жиһад жасаймыз деп Сирияға аттаныпты деген суыт хабар бүгінде қызу талқыға түсуде. Сіздің ойыңызша, бұл шындыққа жанасатын жайт па немесе кезекті бір арандатушылық па?

 
Исламдағы сопылық және оның негіздері

Соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми ортасында да, қарапайым халықтың арасында да әр алуан пікір қайшылықтарына, тіпті кейде ғылыми дау-дамайға да негіз болып жүрген діни ұғымдардың бірі – сопылық. Бұл кейде «сопылық жолы» немесе «сопылық ілімі» деп аталады. Тек Қазақстанда емес, дүние жүзінде де сопылық ілімі тұрғысында бір-бірінен алшақ немесе мүлдем керағар пікірлер ғасырлар бойы жалғасып келеді. Сондықтан болса керек, әлемнің, әсіресе, тарихи жолы Ислам дінімен тамырласып жатқан елдерде сопылық ілімі ғылыми айналымға ертерек түскен. Бұл тақырып – Исламның ғылыми әлемінде өте маңызды, өзекті, ауқымды сала. Бұл салада докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар, монографиялар жазылған. Ал, қазақ ғылымында сопылық деген не, оған мұсылман ғалымдары қандай анықтама берген, оның діни-идеялық түбірлері қайсы деген секілді сұрақтар әлі де өз деңгейінде арнайы ғылыми нысанға айналмай жүргені анық.

 
« ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя »

Страница 2 из 6


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.