forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін395
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3304
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2056
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704675

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Қазақ руханиятының мәйегі – дәстүрлі ислам діні

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі адам баласын азып-тозудан, адами қасиеттен айырылуынан құтқарып қалған соңғы кәaміл дін ислам діні екені дау­сыз. Бұрынғы христиан, будда діндерінің киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға ұшы­ра­ғаны мұқым елге мәлім. Жалпы, діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жал­ғандығын ажыратуға көп қиындық келтіреді. Ал адам баласына пай­ғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз әлемдік дамуды, саясатты, қоғам­дық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес.

 
Қазақстандағы дәстүрлі діни құндылықтар және жаңашыл көзқарастар қайшылығы

Соңғы кездері дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар еліміздің әр өңірлерінде қылаң бере бастады. Бұл құбылыс ұлттық құндылықтарымызға да кері әсерін тигізуде. Алғашқыда діндарлардың барлығына бірдей періштедей сеніп, солардан қалмай дінді үйреніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрдісі жүрді. Алайда соңғы жылдары көпшілік халық діндарларға күдікпен қарай бастағанын көріп жүрміз. Оған күнделікті қоғамда орын алып жатқан «исламофобия» үрдісінің үздіксіз насихатталуы себеп болып отыр.

 
Қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы діни сарындар

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтиды. Ортағасырда мұсылман мәдениетінің дамып-өркендеуіне түркілердің қосқан үлесі аз болған жоқ. Ислам дінінің ортағасырлық түркі әдебиетіне тигізген әсері, оның сол заманда өмір сүрген ақындардың шығармаларында көрінісін тапқан. Сондай-ақ дәстүрлі түркілік дүниетаным өзінің болмысын бүгінгі таңда да синтез немесе симбиоз түрінде сақтап келген. [1]

 
ӘБУ МАНСУР ӘЛ-МАТУРИДИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ

Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед – өз есімімен қоса Шейх, Шейху-л ислам, Имаму-л Һуда (тура жол көсемі, Һидаят көшбасшысы), Аләму-л Һуда (тура жолға бағыттаушы, Һидаят туы), Раису мәшаайихи Самарқанд (Самарқанд шейхтерінің басшысы), Имаму Әһли ас-сунна (Әһли сүннет имамы) және Имамуль-мутакаллимиин (Кәламшылар имамы) деген сияқты лақап аттармен де кеңінен танылған. Сондай-ақ, кей дерек көздерінде оның аты көбіне «Әбу Мансур әл-Матуриди», «Әбу Мансур әс-Самарқанди», «Әбу Мансур әл-Матуриди әс-Самарқанди», «аш-Шейх Әбу Мансур» және «аш-Шейх әл-Имам Әбу Мансур әл-Матуриди» деп те кездеседі.

 
Ислам Өркениеті және Түркілер

Қазақ тарихына терең үңіліп, шындығын тану үшін түркілік тарихын білу керек. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық  дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті  ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде  «Түркістан» деген атауға ие болды.  Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да  «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.

 
Отандық дінтанудағы Садуақас қажы Ғылманидың орны

Көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, хадисші Сәдуақас қажы Ғылмани ХХ ғасырда өмір сүрген дара тұлға. Дегенмен, сол кездегі солақай саясаттың ықпалымен қуғын-сүргін көріп, еңбектері жарыққа шықпай қалды.

 
Рамазан-рухани кемелдену айы

Қасиетті Рамазан айының оразасы хижраның он тоғызыншы айында Шағбан айының оныншы күні Бәдір соғысынан бір ай бұрын Мәдинада парыз болды. Оразаның парыз етілуін Алла тағала қасиетті Құранда: «Әй мүміндер! Сендерге бұрыңғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді...» аяты арқылы негіздеді [Бақара сүресі 183].

 
Досай Кенжетай. Зайырлы ел болу мен дін ұстау мәселесі

Зайырлылық негізінен араб тілінде «захири» (зайырлы) яғни ашық, сыртқы деген мағыналарда қолданылады. Діннің сыртқы мәні, яғни, шариғат ұстанымын қамтитын термин ретінде қабылданған. Оған қарама қарсы мәндегі «батини» сөзі де арабтың ішкі мән, сыр деген мағынадағы ішкі танымға негізделген сопылық тауил ұстанымын білдіреді. Ал енді осы қазақ мұсылмандық түсінігіндегі захири ұғымын «зайырлылық» ретінде батыстан келген, яғни республикалық жүйедегі мемлекеттік басқарудың басты ұстанымы «лаицизмнің» баламасы ретінде қолданып келеміз.

 
Миссионерлік әлі ... жалғасуда

Дана қазақта «Құдайдан қорқып, адамнан ұялу» деген ұғым бар. Демек, дінді сыйлау, иманды, имандылықты түгендеу. Оң жол, ақ істен бұрылмау, теріс қадамға бармау керектігін ұғындыру. Адасу, яки көрер көзге бұрыс жолға түсу - шайтани қадам болмақ. Мұны ақыл-есі бүтін әр адам сезініп, жүрегіне түйіп, ақ адал мұсылман болуы - парыз. Адам жаны жаратылысынан нәзік, сезімтал, иланғыш, көнбіс.

 
Сананы сансыртқан секталар

Деструктивті секта – дәстүрлі діндерден бөлінген, оларды дін ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастары мен діни догматикаларын қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ. Сондай-ақ, ислам дінідегі радикалды ағымдар да форма жағынан бұл секталардан алшақ болғанымен, принциптері бір әрі қызметтері, мақсат - мүдделері ұқсас болып келеді. Осы секталар мен ағымдардың басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады.

 
ҚОЖА АХМЕТ ЙАСАУИДІҢ ТҮРКІ ТАРИХЫНДАҒЫ РОЛІ (ЖАЛҒАСЫ)

Алтын Орда мемлекетінде Йасауи жолын мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерген Өзбек хан. Өзбек ханды ислам дініне мойын бұрғызған йасауийа тариқатының шайхтары, Зеңгі Ата шәкірттері - Садр Ата -Баба Туклас(Баба түкті Шашты Әзиз), Бадр Ата, Саййид Ата, Ұзын Хасан Ата.

 
« ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя »

Страница 3 из 6


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.