forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3
mod_vvisit_counterКеше439
mod_vvisit_counterОсы аптада3
mod_vvisit_counterӨткен аптада2944
mod_vvisit_counterОсы айда2103
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704722

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-06
ЗАМАНАУИ ӘЛЕМНІҢ КҮЙЗЕЛІСІ ТҰСЫНДА РУХАНИ КӨСЕМДЕРДІҢ ОРНЫ (БЕКЕТ АТА ҮЛГІСІ)

Кіріспе. Қазіргі таңда адамзаттың рухани күйзелісі мазмұны жағынан өзгеріп, оның сан алуан түрлері пайда болған. Енді әлеумет ішінде тек экономикалық дағдарыстар ғана емес, сонымен қатар рухани дағдарыстар да тілге тиек етілуде. Лаңкестік, қылмыстың күрт өсуі, есірткі мен ішімдіктің кең таралуы, күнәнің шектен шығуы, өз-өзіне қол жұмсау, отбасындағы кикілжіңдер, іріткі салудың тежелмеуі, сыйластық пен сүйіспеншіліктің жойыла бастауы сияқты рухани азғындаудың көріністері әлемнің түкпір-түкпірінде етек алып бара жатқаны шындық.

 
Айнұр Әбдірәсілқызы

ҚР Дін істері агенттігі Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы

 
Қожа Ахмет Йасауидің түркі тарихындағы ролі

Қожа Ахмет Йасауи сынды Ұлы тұлғаның түркі халықтары тарихы мен мәдениетіндегі орны қандай, неге оның есімі түркі халықтарының жадынан ерекше орын алады деген сұраққа әлі ешкім жартымды жауап бере алған жоқ. Ол заңды да. Өйткені, Қожа Ахмет дәуірінен кейінгі 800 жыл халық жадындағы көптеген мәліметтерді шайып кетті. Ал, жазба деректер болса, жоққа тән. Тек, "Диуани Хикмет" қана көңілге медеу.

 
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса

Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру - ұтымды боларына айрықша ден қою керек, өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз.

 
Куфа қаласы – Имам Ағзам Әбу Ханифаның туып өскен жері

Әйгілі ислам ғұламасы Әбу Ханифа (шын аты ән-Нұғман ибн Сәбит) (р.а.) Куфа қаласында жарық дүниге келген. Куфа – араб тілінде «қызыл түсті шағылды құмды топырақ» немесе «адамдардың жиналған жері» деген мағыналарды білдіреді. Ал, Куфа қаласының тарихына келер болсақ, бұл қала хазіреті Омардың (р.а.) әмірімен Сағд ибн Әбу Уаққас тарапынан х.17 (м.638) жылы әскери қала ретінде іргетасы қаланған болатын. Қадисия соғысынан кейін (15/636) ислам жасақтары Мадиян қаласына орналасады. Бірақ, бұл жердің ауа-райының қолайсыздығы әскерлерге де, мініс аттарға да жайсыз тиген. Мұны байқаған қолбасшы тез арада хазіреті Омарға (р.а.) жағдайды түсіндіріп, хабар жібереді. Халиф басқа қолайлы қоныс қарастыруды әскербасының өзіне жүктейді. Міне осы кезде Әбу Уаққас Нил өзенінің батыс жағында орналасқан Куфа қаласын салдырған еді. Куфа – керуен жолының бойында орналасқан, стратегиялық тұрғыдан өте ыңғайлы жер. Қаланың ортасында орналасқан мешіт әкім Муғира ибн Шуғба тұсында 40 000 кісіге арнап кеңейтілді. Хазіреті Омардың (р.а.) әмірімен мешіт жанынан Кунаса деген базар салынады. Базар сауда орталығы болуымен қатар, мәдениет орталығы қызметін де қоса атқарды.

 
Өзбек хан ордасы

Қазақ тарихының ортағасырлық кезеңі «өзбек» атауымен тығыз байланысты. Оның себебі алғаш Алаш қауымдастығын, одан соң қазақ халқын құраған ру тайпалардың біразы ілгеріде, ХІV-ХV ғасырларда «Көшпелі өзбектер» деген атаумен белгілі болды. Мұның өзі бізді «өзбек» этнонимінің тарихи тамырларын іздестіруге итермелейді. Бұл мәселеде балама пікірлер орын ала тұрса да, біз бұл тарихи атаудың Өзбек ханнан бастау алатындығы туралы пікірлерді қолдаймыз. Өзбек хан Алтын Орданы билеуші әйгілі Мөңке Темірдің немересі болатын. Алтын Ордада хандық құрған жылдарында ол, ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Оның билігі тұсында Алтын Орда әскерлері ислам дінін рухани ту ретінде көтеріп, Хулагу тұқымдарына қарсы үздіксіз соғыстар жүргізіп, өздерінің хандарының даңқын арттырды. Сондықтан да Алтын Орда жаулаушылары енді өздерінің хандарының есімдерімен «өзбектер» аталды.

 
Хижрет ұғымы - жат әдеттер мен үлкен күнәлардан аулақ болу

Хижрет (هجرة) - араб тілінен аударғанда тілдік мағынасы бір жерден екінші жерге көшу дегенді білдіреді. Тарихта бұл хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мен сахабалары мүшіриктерден қысым көрген кезде 622 жылы Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударғаны белгілі. Мұны мұсылмандар ұлы көш реформасы деп атайды яғни, хижрет жасау немесе хижра жылы деп атайды. Мұсылман жыл санауы осы хз. пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Мәдинаға көшкен уақытынан бастап есептелінеді. Хз. пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) заманындағы хижрет мұсылмандардың Мекке мүшіриктерінен зорлық-зомбылық көріп, Ислам дінінің өркен жаюына көп кедергілер болған соң, басқа мемлекетке қоныс аудару мәжбүрлігінен туындаған еді. Ол хижрат етуші мұхажирлердің діннің алғашқы насихаттаушылары болғандықтан, олардың дәрежәсінің биік екендігін білдіретін қасиетті Құранда бірнеше аяттар бар. Мәселен мына аятта:

 
Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның алатын орны

Бұл мақалада Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның орны қарастырылады. Ислам мәдениетінің діни және сопылық дәстүрінің негізінде тәлім-тәрбие алған Қожа Ахмет Яссауи өзіндік ой-пікірлерін Құран мен хадистің аясында дамытқан. Сондықтан, оның хикметтерін Құраннан бөле-жара қарастыру мүмкін емес.

 
Парасат пен пайым адамның өзін-өзі тануына әсер етеді

«Жақсы ниет жақсы істерді

ғибадатқа айналдырады»

Хадис

Ислам – барша адамзат баласын бақытқа жетелейтін хақиқи дін. Хақ тағала адам баласын кемел дәрежеде, бүкіл әлемге басшы ретінде жаратқан. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: “Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты” деп бұйырады (“Бақара” сүресі, 29-аят).

 
Деструктивті ислам ағымдарының әлеуметтік діни-саяси астары

Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар жарыққа шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде. Бастабында көзімізге көрінген діндарлардың барлығына періштедей сеніп, солардан қалмай дінді үйреніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрдісі жүрді. Кейіннен «жылтырағанның барлығының алтын емес» екендігіне көзіміз жете бастағандай. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде исламның құндылықтары күнделікті өмірде өз орнын алғаны белгілі.

 
«Таблиғи жамағат» - дінбұзар ағым

Қазіргі кезде еліміздің барлық аумақтарына тарап, танымал болған «Таблиғ жамағаты» деп аталатын топтардың болмысы, олардың ұстанымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігі жайлы сұрақтар азаматтарымызды жиі мазалауда. Бұл сұрақтарға жауап беруден бұрын, түрлі ақпарат құралдарында осы жамағат туралы жарияланған мәліметтермен танысатын болсақ, олардың кейбірінде: «Таблиғ жамағаты Ислам дінінің өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, дін үшін көптеген жақсылықтар жасап жүрген жамағат. Көптеген адамдар олардың септігімен дінге бет бұрып Ислам дінін қабылдады»- деп алғыс айтса, кейбірі: «Таблиғ жамағатының ұстанымы сопылардың ұстанымына жақын. Сондықтан, олар адасқан бидғатшы, тіпті ширк жасайтын азғындаған топ, оларға мүлде жақындауға болмайды»- деп даттап та жатады.

 
« ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя »

Страница 4 из 6


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.