forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін419
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3328
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2080
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704699

Казир сайтта: 11
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Жиһад – рухани тәрбие өзегі

Жиһаттың - (جهاد) араб тіліндегі сөздік мағынасы күресу, күш-қуатын жұмсау, еңбектену деген мағыналарыға келеді. Ал, терминдік мағынасында жиһад сөзінің түсінігіне дін үшін атқарылатын және пайғамбарымыздың рухани тәжірибесіне сәйкес келетін кез-келген іс-әрекет кіреді. Хадистерде жиһад – бұл Исламның өзегі мен негізгі шыңы ретінде  көрініс табады. Жиһадтың ең жоғарғы дәрежесі – адамның өз нәпсісімен күресі, рухани тәрбие және адамдарға ақиқатты жеткізу болып табылады. Қасиетті Құранда Құран ілімдерін түсіндірудің өзі «ұлы жиһад» деп аталған. (25:52).

 
Уаххабилер дәстүрлі ханафи мазхабына қарама-қайшы көзқарастағы ағым

Кенжетай Досай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры

 
Мұхан Исахан. Ислам мәдениетіндегі әйел мәртебесі

Исламдағы әйелдің орны мен ролі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік қауым жете таныс болмағандықтан, ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген жадағай түсінік қалыптасқан. Бұндай түсініктің қәзіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралауынан туындаған тенденциясы екені белгілі. Әйтседе, Ислам дінінде әйел затына үлкен мәртебе берілген. Бүгінгі шығармамызда осы жәйттердің басын ашуды көздеп отырмыз.

 
РУХАНИЯТ КӨШБАСШЫСЫ - ХЗ. МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР

Аллаһ тағала барлық адам баласы ішінен хз.пайғамбар Мұхаммедті (с.ғ.с.) таңдап, оны ерекше мейіріміне бөлеп, өзгеше махаббатын көрсеткен. Оған бағынуды - өзіне мойынұсыну, оған қарсы келуді – өзіне қарсы келу деп жариялаған. Тіпті «Сенің өміріне ант етемін»...(«Хижр»  сүресі, 72-аят) - деп, оның ұлы тұлғасына аса құрметтей отырып, махаббатының шыңына көтерген.

 
Имам Матуриди ақидасы

Әл-Матуридидің каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады («Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 110 бет). Ол өмір сүрген ортасы Әбу Мансұр ибн Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарқанди әл-Матуриди (870-944) Самарқанд маңындағы  шағын Матурид қаласында дүниеге келді. Фикһ (құқық) теориясын Самарқандағы ханафиттік құқықтанушылардан үйренді. Кейін,  өзі осында фикһ пен каламнан (сенім мәселесі) дәріс берді. Әл-Матуридидің каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады («Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 110 бет).

 
Абайдың Аллаһ тағала хақында көзқарасы

Иман мен көркем мінез әрқашан да адамды ақиқатқа жетелейді. Абайдың қара сөз бен өлеңдерін терең барлап қарасаңыз, оның осы ақиқатқа шақырғанын – діттеген межесі мен аңсаған арманы осы екені аңғарасыз. Сол себепті Абай әуелі иман, дейді. Абайда иман – Аллаһтың шәриксіз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына және Хазіреті Мұхаммед арқылы жіберген жарлығы мен білдіргеніне мойын сұнып иман ету.

 
Мұқан Исахан. Пайғамбарлық басқару – бұл қайталанбас озық мемлекет нысаны...

Заңгер-шариғаттанушы Мұқан Исахан

 
Мақал-мәтел – парасаттың мәйегі

Адамзаттың ақыл-парасатты болуына Алла Тағала бізге өркениет пен мәдениеттің шыңына жету үшін – асыл дінмізді берген.  Қай қоғам болсын өз дінінің негізінде рухани және мәдени табыстарға қол жеткізген. Оған тамыры терең тарихымыз да куә. Айтарын мақал-мәтелмен көрнектеген халқымыз аталы сөздің бірінде  «өз елің – алтын бесігің» дей келе, құндылықтарымыздың басты дінгегі дініміз ел ішінде қалыптасатынын жеткізеді.

 
Досай Кенжетай. Діни білім мен таным негіздері және зайырлылық

Адамзат қоғамы тарихында дін құбылысының маңызы ерекше. Шындығында үздіксіз процесс болып табылатын адамның дүниеге келуі мен өлімі арасындағы тіршіліктің кез келген саласы діни нормалар арқылы қалыптасқан. Жай ғана қарапайым «жақсы мен жаман» өлшемі, моральдық құндылықтардың негізі дінге барып тіреледі. Ал енді осы құндылықтар, нормалар, өлшемдер адам қоғамының тұрақтылығы, қауіпсіздігі, бақыты үшін шарт болғандықтан осы танымдық мәліметтер ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Бұл құбылыс әсіресе діни мәселелерде үздіксіз үдерісті, қайталауды, салыстыруды, қорытуды, талдауды, жалпы ойдың жүйеленуін, дүниетанымды, философияны, ғылымды, өнерді, сәулетті, музыкалық, моральдық, эстетикалық, ұлттық, құқықтық, экономикалық және өркениеттік ерекшеліктерді параллель қалыптастырып отырады. Демек дін адамның дүниетанымын, тұрмыс-салты, тіршілігі мен трансценденталды әлеммен байланыстырушы, өмірді мәнге айналдырушы институт ретінде өмір сүріп келе жатыр.

 
Ихсан

Ихсан сөздік мағынасында – жақсылық жасау, қайырымдылық ету болса, ал, терминдік мағынада – Аллаға құлшылық етуде оны көрініп тұрғандай сезініп, бар ынта-ықыласпен орындау дегенді білдіреді. Бірде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен отырғанда оған Жәбірейіл (с.ғ.) періште келіп, Діннің үш негізі: Иман, Ислам және Ихсан туралы сұрайды. Сонда ихсанға келгенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ихсан – бұл Аллаһқа өзін көріп тұрғандай құлшылық жасау. Сен оны көрмесең де, Ол сені барлық жерде көріп тұрады», - деп жауап береді.

 
Сәләфизм идеясының зияны мен залалы

Қазіргі таңда қазақстандық қоғамды алаңдатып отырған негізгі проблемалардың бірі - сәләфизм идеологиясының халық ішінде, атап айтқанда жастардың арасында белең алуы. Бұл ілім Х‑ХІ ғасырларда Андалусия (Испания) жерінде басталып, ары қарай ХVIII ғасырда Нәжд өлкесі қазіргі Сауд Аравияның солтүстігінде жалғасын тапты. Бастапқы кезден бұл идеологияның өкілдері өзге пікірге төзбеу, өзгелерге агрессиялық көзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына қарумен болса қол жеткізу секілді сипаттармен танылды.

 
« ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя »

Страница 5 из 6


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.