forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін11
mod_vvisit_counterКеше468
mod_vvisit_counterОсы аптада2341
mod_vvisit_counterӨткен аптада3189
mod_vvisit_counterОсы айда2865
mod_vvisit_counterӨткен айда14345
mod_vvisit_counterБарлығы599069

Казир сайтта: 4
Сіздің адрес 18.207.255.49
,
Күні: 2019-12-06
21.11.2019ж

2019 жылдың 21-қарашасында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенттеріне діни экстремизм профилактикасын күшейту мақсатында  «Қоғамдағы деструктивті жат діни ағымның идеясынан сақтану жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл кездесуге USTAZ университетінің әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, өз баяндамасында: «...Қазіргі таңда жастардың санасын бұзып жатқан әртүрлі экстремистік әрекетке баратын «салафилік-уаххабилік» діни идеологиясын бақылаусыз қалдыру мемлекетке зор қауіп төндіреді. Осы мәселені алдын-алуына байланысты жоғары оқу орнында студент жастардың ғылыми танымын арттыру, оларды рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін тәрбиелік рухани жаңғыру қадамдарды жасау керек. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды...» деп атап өтті.

 
12.11.2019ж

Тараз қаласындағы №36 орта мектебінің 8-10 сынып оқушыларына «Діни экстремизм – опат болудың жолы» тақырыбында ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев арнайы шақырылып, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған кездесуде оқушылардың интернет желісінде кездесетін күмәнді діни парақшалардан және діни  уағыз-насихаттан сақ болғаны дұрыс. Өйткені, қазіргі жастар интернет желісі арқылы жат діни ағымның қатарына қосылуда. Сол үшін жастардың бойында тарихи сананы және дәстүрлі діни танымды қалыптастыру жұмыстарын жаңғырту басты мақсат. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

 
04.11.2019ж

USTAZ университеті әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев және жатақхана тәрбиешісі Ж.Молдашова тарапынан Студенттер Үйінде "Интернет ресурстарда өзге экстремистік идеяны насихаттайтын діни парақшалардан сақ болу" тақырыпта дін саласында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

 
30.10.2019ж

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Ұлттық аударма бюросы құрылып қазіргі таңда философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтитын 18 кітаптың қазақ тіліне аударылғанын атап өтті. Арнайы спикер мамандар ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев және «Психология және акмеология» кафедрасының аға оқытушысы Г.Мамашкулова оқырмандарға кітаптың таңдалу мақсатымен, мазмұнымен таныстырып өтті.

 
24.10.2019ж

2019 жылдың 24-қазанда М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Философия және саясаттану» кафедраның ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ұлттық бюро аударма тарапынан жарыққа шықан ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтің «Иудаизм, христиандық және исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» кітабын студент жастарға таныстыру мақсатында кездесу өткізілді. Аталған кездесуге арнайы қонақ ретінде ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының бас маманы Е.Әскенұлы қатысып, бұл кітаптың гуманитарлық мамандықта білім алатын студенттердің кәдесіне жарайтындығы және 2018 оқу жылынан бастап бұл оқулық жоғары білім беру жүйесіне енгізілгендігі айтылды.

 
18.10.2019ж

2019 жылдың 18-қазанда Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім-ел байлығы» тақырыбында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Кездеуге ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының қызметкері Б.Алпысбаев және қалалық  «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысып, мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды сақтау, дін саласындағы мемлекеттік саясатының жүзеге асыруы және қоғамдағы жат діни ағымдардың зияндылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

 
23.10.2019ж

2019 жылдың 23-қазанында Абай атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру және діни экстремизмнің идеясын алдын-алу бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Бұл кездесуге ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы А.Құлымбетов шақырылып,  қоғамдағы діни мәселеге байланысты еркін форматта сұрақ-жауап ретінде пікір алмасты.

 
11.10.2019ж.

2019 жылы 10-қазанда Дарынды балаларға арналған мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатында «Діни және құқықтық сауаттылықты арттыру – заман талабы» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларына құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау және діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында тәриелік түсіндіру жұмыстар жүргізілді. Аталған кездесуге ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы діни мәселеге кеңінен тоқталып қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

 
08.10.2019ж.

2019 жылы 08-қазанда ТарМПУ Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Алпысбаев тарапынан Өнер және мәдениет жоғары мектебінің 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесудің өзектілігі ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес 1-курс студент жастардың діни және құқықтық сауаттылықтарын арттыру негізінде толыққанды ақпарат беру болып табылады.  Өйткені ақпараттық және идеологиялық кеңістікте жастардың ішкі сүзгілері әлсіз болғандықтан, радикалдық діни көзқарасқа қарсы жастардың ішкі рухани иммунитеттерін қалыптастыру заман талабы.

 
27.09.2019ж.

Студенттер арасында діни-саяси экстремизм идеясын алдын-алу және ашықтық, адалдық, креативтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Педагогика жоғары мектебінің» 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, өз баяндамасында: «...атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүріміз, тіліміз бен діліміз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгіге сақталуы тиіс. Сонда ғана жастар өзге діни ағымның идеясына уланбайды. Ұлттық мәдениетті сақтамай ешқандай жаңғыру болмайды.»

 
18.09.2019ж.

Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының жетекші маманы Б.Қ.Алпысбаев діни-саяси экстремизмдік идеяларын алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің 1-курс студенттерімен кездесу өткізді. Б.Қ.Алпысбаев өз баяндамасында: «Қазіргі таңда діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни топтардың радикалдық көзқарастары жастарға зиянын тигізіп жатыр. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» - деп атап өтті.

 
« ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 10


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.