forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін335
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада335
mod_vvisit_counterӨткен аптада2820
mod_vvisit_counterОсы айда6615
mod_vvisit_counterӨткен айда11051
mod_vvisit_counterБарлығы463954

Казир сайтта: 7
Сіздің адрес 54.82.93.116
,
Күні: 2018-11-19
29.03.2018ж

Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты Тараз қаласының мемлекеттік архиві мекемесінің қызметкерлеріне «Қоғам және дін» тақырыбында дін саласында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі, дінтанушы Б.Алпысбаев қатысып, өз баяндамасында «...ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыт-бағдарын түсіндіру, сонымен қатар, жалған діни догмаларды дәлме-дәл қабылдап, оған еретін адамдардың ой-өрісіне, сезіміне, іс-әрекетіне деструктивті сипатта әсер ететін және діни фанатизм мен радикализм елдің қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қауіп төндіріп отырғандығы өзекті мәселенің бірі туралы» - атап өтті.

 
08.03.2018ж.

Облыстық «JAMBYL» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына «Дінтану секторының» жетекшісі Б. Алпысбаев қатысып, еліміздің діни саясатын жүзеге асыру және қоғамның рухани-мәдени жаңғыруына байланысты «...дін мәселесі біздің рухани байлығымыздың бір бөлшегі екенін, бұл ретте дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту шарт...» ретінде өз ойымен бөлісті.

 
06.03.2018ж.

Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының қызметкері, дінтанушы Ләззәт Мырзаш «Әйел және дін» тақырыбында «Филология» факультетіне қарасты РКО-16-2 тобының студент қыздарына дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесуде Л.Мырзаш өз баяндамасында «...Елбасының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» дей келе, қазақ жерінің әр өңіріне тән және жас ерекшелігіне қарай әйел кимешектері болған. Ата-бабаларымыз ғұрпымызда орамал тағу жоқ деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен  ұлттық түсінігімізге сай әр түрлі үлгілерін  тігіп киюге неге болмасқа?!» деп ойын білдірді.

 
27.02.2018ж.

«Дінтану секторы» мен топ кураторлардың арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында РЯ-16-2 тобының кураторы «Орыс филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы ф.ғ.к., доцент Н.В. Свидованың ұйымдастыруымен «Дін саласындағы түсіндіру жұмыстарын іске асыру бойынша білім беру мекеме қызметінің кейбір мәселелері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  Аталған іс-шараға «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев қатысып, студент жастарға: «..радикалдық діни идеологияның зияны - бұл  деструктивті ақпараттық әсерінен жекелеген адамның сана-сезімін өзгеріске ұшыратады, мемлекетке деген сенім деңгейін төмендетеді, патриотизм сезімі жойылады, қоғамды жікке бөледі. Сол үшін әрбір студент қоғамдық қарым-қатынасты сақтау үшін, оның ішінде білім беру мекеменің ішкі қағидалары мен тәртібін сақтау міндетті».

 
22.02.2018ж.

ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев  тарапынан «Студенттер Үйі» білімгерімен идеологиялық тұрғыда  ұлттық-діни бірегейлік құндылықтарды түсіндіру мақсатында  топтық және жеке кездесу ретінде дін саласында кездесу жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесудің өзектілігі студент жастардың діни экстремизмдік идеяға қадам баспайтындай қазіргі уақытта діни заңға өзгертулер мен түзетулер ензілуі туралы бірнеше нормативтік құқықтар түсіндірілді. Мысалы, заң жобасында: «Деструктивті діни ағым – адамның және азаматтың қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, имандылық негіздерді, рухани және мәдени құндылықтарды әлсіретуге немесе бұзуға бағытталған діни көзқарастар, идеялар немесе ілімнің жиынтығы» деп көрсетілген. Ұлттық құндылықтарымызды бұзуға бағытталған кез келген идеяға, сөзге және әрекетке енді жол берілмейді.

 
20.02.2018ж.

Жамбыл облыстық мамандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатының 7-11 сынып оқушыларына  арналған «Жастар бойыңда дәстүрлі діни танымды қалыптастыру жолдары» тақырыбында кездесу өткізілді.  Аталған кездесуге ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде  шақырылып, өз баяндамасында: «...білім беру мен тәрбие процесінде оқушыларға дін туралы тек ғылыми тұрғыдан ақпараттар берілуі тиіс және діни себептерге байланысты оқу сабақтарына қатысудан бас тартуына жол берілмеу керек. Діни экстремистік топтардың қаупі мен алдын-алу жолдары туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыруымыз қажет. Сонда ғана біз ұлттық-рухани мәдениетімізді сақтап қаламыз...» деп атап өтті.

 
13.02.2018ж.

2018 жылдың 13-ақпанында Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушыларына арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, іс шараға ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Бахтияр Алпысбаев шақырылып, өз сөзіңде: «...егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» дегендей радикалдық идеологияға қарсы тұратындай  рухани имунитетті қалыптастыруына  және де ұлттық-діни бірегейлікті сақтауына байланысты өз ойымен бөлісті.

 
09.02.2018ж.

2018 жылдың 09-ақпанында ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаевтың арнайы қатысуымен, Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке құрамы арасында «Діни экстремизм идеясына және суицидке жол жоқ» деген тақырыбында кездесу өткізілді. Бұл кездесуде Б.Алпысбаев өз сөзінде:  «...Еліміздің ұлттық мүддесіне төнген қатер көріністерінің сипаты мен деңгейін ескеруіміз қажет. Діни экстремизм мен радикализм идеологияларын қоғамда қабылдамауға және оған қарсы насихаттауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми білім берудің түсіндірушілік және профилактикалық жұмыс жүргізу қажет...» деп атап өтті.

 
24.01.2018ж.

Құмшағал шағын алқабында орналасқан № 56 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына еліміздің діни саясатын жүзеге асыруына байланысты кездесу өтілді. Аталған кездесуге ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев қатысып, кері діни ағымдардың сыртқы және ішкі белгілері, мемлекеттің зайырлылық ұстанымына қарама-қайшы ойлары дұрыс емес екендігі түсіндіріліп жеткізілді. Діни қатынастарды реттеуіне байланысты ҚР мемлекеттік дін саласындағы саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыт-бағдары негізінде діни саланы ғылыми тұрғыда  түсіндіру керек екендігі айтылды.

 
23.01.2018ж.

Ерекше дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернатында діни тақырыпқа байланысты кездесу өткізілді. Бұл кездесуге ТарМПУ  «Дінтану секторының» жетекшісі Бахтияр Алпысбаев арнайы шақырылып, 9-11 сынып оқушыларына  діни экстремизмдік идеяны алдын алу  мақсатында дәстүрлі діни таным құндылықтарды дамыту арқылы өзге идеяны жеңуге болатындығы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңының нормаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқандығы және  Рухани жаңғыру бағыттарын іске асыру мақсатында ақпараттық идеологиялық жұмыстарды жастарға кеңінен түсіндіру керек екендігі айтылды.

 
08.01.2018ж.

2018 жылдың 08-қантарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде “Әскери саласындағы діни экстремизм мен терроризмді алдын-алу” жұмыстарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Бұл кездесуге ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Қ. Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қызметкері шақырылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір жас сарбаздың ҚР мемлекетінің дін саласындағы саясатының 2017-2020 жылдарға арналға тұжырымдама бағыттарын білу және діни-құқықтық сауаттылығы жоғары деңгейде болу керек екендігі айтылды.

 
« ПерваяПредыдущая1234567СледующаяПоследняя »

Страница 2 из 7


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.