forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін410
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3319
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2071
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704690

Казир сайтта: 8
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
19.02.2019ж

Әлеуметтік-мәдени дамыту орталығының  ұйымдастыруымен «Студенттер Үйінде» дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы, дінтанушы Сержан Құлтаев қатысып, өз сөзінде: «оқу педагогикалық және тәрбие беру қызметі негізінде жастарды тәрбиелегенде имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, мемлекеттің гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деп ойымен бөлісті.

 
29.01.2019ж

Жамбыл медициналық колледжінің ұйымдастыруымен  дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ТарМПУ дінтанушысы Б.Қ.Алпысбаев қатысты. Бұл кездесуде 3-курс студенттеріне Б.Алпысбаевтың өз сөзіңде: ...қоғамдағы жат діни ағымдардың идеясын алдын алу үшін орта оқу орындарында дәстүрлі діни таным құндылықтарын кеңінен насихаттап, оның ішінде қазақ ойшылдардың  Абай, Шәкәрім және Мәшһүр Көпейұлының діни мұраларын дін мен ғылым сабақтастық ретінде түсіндірілуі тиіс деп атап өтті.

 
24.01.2019ж

Жамбыл облысы білім басқармасының онлайн орталығында «Дін мен ғылымның сабақтастығы» тақырыбында қалалық орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн-конференциясы өткізілді. Аталған онлайн-конференцияға ТарМПУ дінтанушысы Б.Қ.Алпысбаев қатысып,  деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру үшін өскелең жастардың бойында ұлттық идеялық тұтастықты жаңғырту  туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 
19.12.2018ж

ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Қ.Алпысбаевтың ұйымдастыруымен «Студенттер Үйінде» кезекшілік атқару барысында «Сапалы білім: ұлттық сананың қалыптасуы» тақырыбында студенттердің бойында ұлттық сананы жетілдіру жолдары негізінде  еркін ой-пікір  ретінде дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде  білім, ұлттық тәрбие, дәстүрлі діни таным құндылықтары және азаматтық қоғам ретінде ой-пікір қалыптастыру бағыттары түсіндірілді.

 
06.12.2018ж

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің ұйымдастыруымен «Суицид және діни экстремизммен күресу басты міндет» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған кездесуге ТарМПУ  «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев және «Психология және акмеология» кафедрасының психолог мамандар қатысып, адамның бойындағы ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиеттерімен қалыптастыру арқылы діни экстремизмнің идеясын алдын-алу және әрбір адам өзінің болашағына жауапкершілікпен қарау туралы ғылыми тұжырымдамалар мен ақпараттар айтылды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

 
30.11.2018ж

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев шақырылып, облыстағы спорт мектеп қызметкерлері тарапынан спорт саласында діни үстемдікті насихаттауға жол бермеу және діни экстремизмге қарсы күресу үшін спорт қайраткерлерінің әлеуетін пайдалану керектігін атап өтті.

 
29.11.2018ж.

Республикалық ислами діни бірлестігінің «Хибатулла Тарази» медресенің ұйымдастыруымен ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруына байланысты кездесу өткізілді. Аталған кездесуге арнайы шақырылған ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі  Б.Алпысбаев медресе шәкірттеріне қазақстанның әрбір азаматы өз елінің ұлтжанашыры болуға, мемлекеттің мүддесін сақтауға, халықтың ұлттық-мәдени және тарихи дәстүрін нығайтуға атсалысу міндеті болып табылады.

 
29.11.2018ж.

Тараз қаласында орналасқан 85395 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының  «Ұлы Даланың жеті қыры» жариялаған мақалаласын жеке құрамына түсіндіру және еліміздегі діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алуына байланысты семинар өткізілді. Жоғары деңгейде жеткізу мақсатында ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев, М.Х.Дулати атыңдағы ТарМУ тарихшылары және  БАҚ өкілдері қатысып, әскери қызметшілеріне «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештене жоқ» дей келе, ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге терең үңіліп, болашаққа оң көзқарас таныту арқылы еліміздің табысты болу мен рухани жаңғыру тетіктерін толықтыруымыз керек.

 
28.11.2018ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен  №2-жатақханасында «Діни радикалдық ағымдардың сенім ерекшеліктері» тақырыбында дін саласында кездесу өтілді. Бұл кездесуге арнайы ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Е.Әскенұлы қатысып, студенттерге мемлекеттік-конфессияаралық қатынастарды сақтауына,  оқу орнында заңсыз миссионерлік қызметті өткізуге  және әлеуметтік желілерде кез келген діни үгіт-насихаттарды тыңдауға болмайтындығы туралы ескертілді.

 
21.11.2018ж.

Тараз қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Дін проблемаларын талдау секторының» қызметкерлері Әбілхайыр Сабырұлы, Берікбай Тұтқабаев «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің ИСТ-17-3 тобын студенттерімен дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ҚР дін саласындағы мемлекеттің саясаты 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың бағыт-бағдарымен таныстыра отырып, болашақ тарихшы-педагогтарға  дін тарихын, дінтану негіздерін тереңдете оқыту арқылы «тарихшы-дінтанушы» қосарланған мамандығына даярлау тетіктерін қалыптастыру және барлық мамандықтарға өтілетін «Дінтану» элективті пәні міндетті пән ретінде енгізу керек деп атап өтті.

 
21.11.2018ж.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының шақыруымен ТарМПУ «Дінтану секторының» жетекшісі Б.Қ. Алпысбаев дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесуде еліміздің дін саласындағы саясатына байланысты Қазақстандағы діни ахуалмен таныстыра отырып, «...Жат діни ағымдардың үгіт-насихаты адамды діни фанатизмге ұрындырады. Ұлттық сананың жат діни идеяларға алдануынан ұлттың қорғаныс қабілеті әлсірейді. Дін мен дәстүрдің арасын ажыратып, бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер ұлт болмысын екіге жарудың амалы ретінде қауіпті болып табылады.»

 
« ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя »

Страница 3 из 10


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.