forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше271
mod_vvisit_counterОсы аптада2788
mod_vvisit_counterӨткен аптада2292
mod_vvisit_counterОсы айда6168
mod_vvisit_counterӨткен айда9996
mod_vvisit_counterБарлығы484156

Казир сайтта: 5
Сіздің адрес 34.203.213.116
,
Күні: 2019-01-20
01.11.2017ж.

01.11.2017ж. күні «Тараз-Арена» спорт кешенінің қызметкерлерімен  кездесу өткізілді. Аталған кездесуде ТарМПИ «Дінтану» секторының жетекшісі Б.Алпысбаев қатысып, ҚР мемлекетінің дін саласындағы саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдасы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, ұлттық-діни бірегейлікті сақтау,  ұлттық пен діни араздықты болдырмауға, жастар арасында діни және құқықтық сауаттылықты арттыру керек екендігі айтылды. Діни экстремизмнен сақтанатын бірден-бір жол - ол ұлттық сананы мен рухани тарихты жаңғырту болып табылады.

 
09.10.2017ж.

09.10.-13.10.2017ж. күндер аралығында «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сай, «Өнер және мәдениет» факультетінің 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі діни танымды қалыптастыру кездесу шарасы өткізілді.  Аталған іс-шара әр мамандыққа жеке-жеке  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастарға әлеуметтік желілерде діни экстремизмдік идеяны насихаттайтын діни парақшаларды оқымау, бөліспеу туралы және жат діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді.

 
06.10.2017ж

06.10.2017ж. күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикиум өткізілді. Осы іс-шараға ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы, «Дін проблемаларын зерттеу орталығы», Жамбыл облысының прокуратурасы және «Жамбыл-зерттеу жастар қоғамдық бірлесітігінің қызметкерлері ат салысып, қоғамдағы дін саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылады. Сонымен қатар, дін экстремизмге қарсы іс-қимылды жетілдіру мақсатында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, сертификаттар табысталды.

 
27.09.2017ж

27.09.2017ж. күні «Педагогика» факультетінің 1-курс студенттеріне арналған құқықтық және діни сауаттылықты арттыру іс-шарасы өтілді. Осы кездесуге «Дінтану орталығының» жетекшісі Б.Алпысбаев, Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері  және «Құқықтану негіздері» оқытушылары қатысып, «Құқықтық және діни сауаттылық – заман талабы» тақырыбында  студент жастардың сапалы білімді ала отырып, рухани дүниетанымды және өз құқықтарыңды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болып қалыптасу керек екенідігі айтылды.

 
19.09.2017ж.

«Дінтану орталығының» жетекшісі Б.Алпысбаевтың тарапынан «Студенттер Үйінің» студент жастарымен кездесу шарасы өтілді. Аталған кездесуде ҚР  Білім заңы, Діни заңының нормаларына сәйкес, білім беру мекеменің ішкі тәртібін орындау, дәстүрлі діни танымды қалыптастыру және  діни экстремизмнің алдын-алу жолдары туралы кеңінен айтылды.

 
18.09.2017ж.

18.09-22.09.2017ж. күндер аралығында ТарМПИ «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сай, биылғы оқу жылында «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетіне түскен 1-курс студенттеріне арналған семинар кездесу өтілді. Кездесудің мақсаты: институтының 1-курс студент жастарына тәрбие мен білім, ұлттық-діни бірегейлену, дін мен дәстүрдің сабақтастығы тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Басқа да факультеттің 1-курс студенттерімен кездесу жұмыстары өз жалғасын табуда. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 
14.09.2017ж.

14.09.2017ж. Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында өтілетін «Иман Нұры» бағдарламасына ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Б.Алпысбаев және Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қ.Жұмағұл қатысты. Аталған кездесуде қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің рөлі және қазақ жеріне исламның таралуына ықпал еткен тарихи тұлғалар ақын-жыраулардың еңбектері тақыбында еркін ой-пікірлер айтылды.

 
07.09.2017ж.

07.09.2017ж.  Жамбыл облысы төтенже жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Суицид – ескерту мен алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу семинары өтілді. Аталған іс-шараға ТарМПИ «Дінтану орталығының» дінтанушысы Б.Алпысбаев пен «Психология және акмеология» кафедрасының аға оқытушысы, психолог А.Ж.Саттыбаева  қатысып, мекеме қызметкерлеріне адамның өз-өзіңе қол жұмсауы діни және психологиялық тұрғыда үлкен қателік екенідігі туралы түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға толығымен жауап берілді.

 
29.08.2017ж.

29.08.2017ж.  Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында «КӨМЕК ДЕМЕУ» Қоғамдық бірлестігі облыстық, қалалық және аудандық орта білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған онлайн-конференция өткізді. Аталған іс-шараға ТарМПИ «Дінтану орталығының» бас маманы Б.Алпысбаев және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы қатысып,  діни заңында өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері және зайырлылық ұстанымы  туралы толық ақпараттар түсіндірілді.

 
15.05.2017ж.

Тараз қаласында орналасқан №47 орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Жастардың ұлттық санасын жаңғырту мақсатындағы діни құндылықтардың рөлі» тақырыбында кездесу өтілді. Аталған кездесуге ТарМПИ «Дінтану орталығының» қызметкері Б.Алпысбаев қатысып, ұлттық сананы жаңғырту арқылы қоғамдағы діни экстремизмнің идеясына қарсы тұруға және өзінің ұлттық құндылықтарын қастерлей білген жас ұрпақ өзге діни радикалдық жолға ұшырамайды деп атап өтті.

 
«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ 2013-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ»

18.04.2017ж. күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен, «Діни  экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламаны білім беру ұйымдарында іске асырудың өзектілігі» атты облыстық онлайн конференциясы өткізілді. Аталған іс шараға қалалық, аудандық жалпы 25 мектеп және 1255 жуық мұғалімдер мен оқушылар қамтылды. Кездесуге ТарМПИ «Дінтану орталығының» қызметкері Б.Алпысбаев қатысып, еліміздің діни саясатын жүзеге асыруына, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқытудың сапасына және оқушылардың діни сауатталығын арттыруына байланысты ой пікірлер айтылды.

 
« ПерваяПредыдущая12345678СледующаяПоследняя »

Страница 4 из 8


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.