forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Бұқар Қалқаманұлы

«Алла» деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас

 

Бәйдібек Қарашаұлы

Тірлік басқа болса да – тілек бір,

Білек басқа болса да – жүрек бір

 

Қорқыт ата

Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін333
mod_vvisit_counterКеше395
mod_vvisit_counterОсы аптада333
mod_vvisit_counterӨткен аптада2820
mod_vvisit_counterОсы айда6613
mod_vvisit_counterӨткен айда11051
mod_vvisit_counterБарлығы463952

Казир сайтта: 6
Сіздің адрес 54.82.93.116
,
Күні: 2018-11-19
КЕРІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ИДЕЯСЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

25.01.2017ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Филология» факультетінің 2-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізу және жастардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында ТарМПИ «Дінтану орталығы» және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ерзат Жақыпов кездесті. Келесі сөзіңде: «...Кері діни ағымдардың идеясынан сақтану жолдарына байланысты олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, академиялық  және теологиялық тұрғыда тойтарыс беретіндей, әрбір адам өзінің ішкі рухани иммутитетін арттыру маңыздылығын атап өтті. Өзге идеяны тек идеямен ғана жеңуге болады.» -деп айтты.

 
«ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»

25.01.2017ж.  Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына «Дінтану орталығының» қызметкерлері Т.Тұрғанқұлов пен Б.Алпысбаев қатысып, «Дін және мәдениет» тақырыбына байланысты қоғамдық ой-пікірмен бөлісті. Орталық жетекшісі Т.Тұрғанқұлов өз сөзіңде: «Әрбір түркі халықтарының өзіңе тән идеясы, мәдениеті болған. Мәдениет деген бір күнде қалыптасатын құбылыс емес, ғасырлар бойы жалғасады. Сондай-ақ атадан ұрпаққа халық ауыз әдебиеті, фольклор және күнделікті тыныс-тіршілік арқылы жалғасатын құбылыс. Мәдениетті құрайтын негізгі іргетасы ол - дін».

Бейнесұхбатты мына сілтемеде көруіңізге болады: http://taraztv.kz/kz/archive/programs/programs_ruh/iman_nury/506251

 
«ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУ ДҰРЫС ПА ӘЛДЕ БҰРЫС ПА»

25.12.2016ж.  Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында өтілетін «Ел ертеңі» бағдарламасына ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұлов қатысып, «Жаңа жылды тойлау дұрыс па әлде бұрыс па» деген тақырыбында қоғамдық пікір алмасып, өз ойымен бөлісті.

 
«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР: ТӘРБИЕ,ӨНЕГЕ, ДАМУ»

2016 жылдың 06-09 желтоқсан аралығында ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017ж.ж. бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сай «Химия-биология» факультетінің 1 курс студенттеріне «Дін және жастар: тәрбие,өнеге, даму» тақырыбында әр топқа жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты студенттердің дәстүрлі діни танымын және тәлім-тәрбиелік жолдарын қалыптастыру болып табылады.

 
«ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДА МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

2016 жылдың 12-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Тараз-Ғасыр» колледжінің ұйымдастыруымен «Жыраулар поэзиясында Мәңгілік ел идеясының құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған кездесуге ТарМПИ «Дінтану орталығының»  қызметкері Б.Алпысбаев қатысып,  жастарға қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымы және дәстүрлі діни сананы айта отырып, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру жолдары түсіндірілді.

 
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ»

05.12.2016ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Білімгерлер үйінде» Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Ж. Өзбекалиев, психолог Б.Тілеухан және «Дінтану орталығының» бас маманы Б.Алпысбаевтың қатысуымен, студент жастарға қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымы, тарихы және ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы туралы (институттың ішкі Ережесін орындау, өзге адамға үгіт-насихат айтпау, әлеуметтік желілерде кері діни ағымдардың лекцияларынан сақтану жолдары) кеңінен түсіндірілді.

 
ДЕСТРУКТИВТІК ДІНИ АҒЫМДАР: ЗЕРТТЕУДІҢ ЗАМАНУИ ӘДІСТЕРІ

Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 30 қарашасында «Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің замануи әдістері» атты облыстық ғылыми жоба байқауының ІІ кезеңі өткізілді. Бұл ғылыми жоба байқауына қазылар алқасы мүшесі ретінде ТарМПИ «Дінтану орталығының» бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын түсіндіру мақсатында жалпы қатысқан 17 оқушылардың ғылыми жобалары сарапқа салынып, алғыс хатпен марапатталды.

 
ДІН-ЕЛІМНІҢ ДІҢГЕГІ

2016 жылдың 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ТарМПИ «Дінтану орталығының» ұйымдастыруымен «Физика-математика» факультетінің 1-курс студенттеріне «Дін-елімнің діңгегі» тақырыбы аясында қоғамдағы діни мәселесі туралы семинар өтілді. Аталған кездесуде орталық жетекшісі Т.Тұрғанқұлов өз сөзіңде: «...Ұлттын сүймейтін, ата-анасын қадірлемейтін, тілін, тарихын, салт-дәстүрін түбегейлі мансұқ ететін, шариғатты басқаша түсіндіретін, өмір тіршілікке өлім немесе қорқыту үкімімен қарайтын фунтаменталист қазақ жастарының күн санап көбеюі ұлт үшін өте қауіпті. Сол үшін әр ұрпаққа рухани иммунитетті қалыптастыру ортақ міндет деп ойлаймын.»

 
«Зайырлылық қазақстандық қоғамның тұрақтылығының негізі ретінде» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының VI форумы

Астана қаласында ҚР Дін істер және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17-18 қарашада «Зайырлылық қазақстандық қоғамның тұрақтылығының негізі ретінде» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының VI форумы өтілді.  Аталған форумға ТарМПИ «Дінтану орталығының» бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы діни жағдайы және зайырлылық ұстанымы туралы пікірлер талқыланды.

Зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйесі.

Қазақстан зайырлы ел, құрушысы қазақ мәдениеті, ол мәдениетте ислам басты анықтаушы дін.

 

 
27.10.2016 ж. «ДІНИ ФАНАТИЗМНІҢ ҚАУІПТІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Діни фанатизмнің қауіптілігі» тақырыбында семинар кездесу өтті. Оқу орнының Дінтану орталығының мұрындық болуымен өткен іс-шарада дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дінаралық татулықтың тетіктері баяндалды.

Сілтемесі: http://tarmpi.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1540%3A2016-10-27-07-16-31&catid=34%3A2011-01-10-20-47-55&Itemid=149&lang=kz

 
Дін – тәрбие діңгегі»

24.10.2016ж. күні еліміздің Тәуелсідігіне 25 жыл толуына байланысты студент жастарды  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбилеу және діни экстремизмге қарсы қазақ халқының  рухани діни тәжірибесін жаңғырту мақсатында  ТарМПИ «Дінтану орталығында»  Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында студент жастармен кездесу өтілді.

 
« ПерваяПредыдущая1234567СледующаяПоследняя »

Страница 5 из 7


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.