forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін159
mod_vvisit_counterКеше365
mod_vvisit_counterОсы аптада1521
mod_vvisit_counterӨткен аптада2164
mod_vvisit_counterОсы айда7510
mod_vvisit_counterӨткен айда8887
mod_vvisit_counterБарлығы523404

Казир сайтта: 5
Сіздің адрес 3.208.22.127
,
Күні: 2019-05-24
30.03.2017ж.

30.03.2017ж. күні Жамбыл политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға кері әсері» тақырыбында жастармен кездесу өтілді. Осы кездесуге ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұлов дінтанушы маман ретінде шақырылып, «...Халық педагогикасынан арнайы сабақтар өтiп, ұлттық мазмұнда тәрбие берiлуi өте қажет. Құдайға шүкiр, ғасырлар қойнауынан сақталып, халықпен бiрге жасап келе жатқан ұлттық рухани қазына, мұраларымыз ұшан-теңiз. Қазақ елiнiң ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салауатты үлгi-өнегесi шариғатқа қарсы келмейдi, қайта өзара тығыз байланысып, өрнектей өрiлiп жатады. Олай болса, ислам дiнi мен қазақтың ұлттық құндылықтарын қарсы қоюға әрекет жасап жүргендер – нағыз қаскөй арандатушылар» - деп жастарға ортақ пікірін білдірді.

 
17.03.2017ж.

ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұловтың қатысуымен Жамбыл облыстық Төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру басқармасы қызметкерлеріне қоғамдағы діни жағдайға байланысты семинар өтілді. Бұл кездесуде қазақ халқының рухани дүниетанымы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жолдары айтылды.

 
16.03.2017ж.

ТарМПИ «Дінтану орталығының» қызметкері Б.Алпысбаевтың қатысуымен, Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары  «Дін және жастар» тақырыбында қоғамдағы діни жағдай және жастардың діни сауаттылығын арттыруына байланысты дөңгелек үстел өткізді.  Өтілген іс-шарада дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қазақ жеріне ислам дінінің таралу жолдары және діни заңы нормалары түсіндірілді.

 
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДІНИ АХУАЛЫН ЗЕРДЕЛЕУ

06.03.2017ж.  Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарын жүргізуіндегі дін саласында мемлекеттің саясатын қолдау және де радикалды діни идеологияға ұшыраған облыс жастарымен тығыз  жұмыс жасау туралы фокус - топ іс-шарасы өтілді. ТарМПИ «Дінтану орталығының» қызметкері Б.Алпысбаев өз сөзіңде: «...Зайырлылық - білім мен ғылымға, еркін ойға сүйенген ұстаным. Сондықтан дінге қарсы  болу немесе дінге соғыс ашу деген мағынаға келмейді. Қазақ халқының діни танымы ол қазақ мәдениетінің мазмұны, ол мазмұнда Ханафи, Матуриди және Ясауи ілімдерінің құндылықтары кескінделген  принциптер мен идеялар жатыр». Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы», М.Х.Дулати атындағы ТарМУ және ТИГУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласындағы  қызметкерлер қатысты.

 

 
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК РУХЫНДА ТӘРБИЕЛЕУІҢДЕГІ БАСТЫ ҚАДАМДАР

07.02.2017ж.  Елбасының халыққа жолдаған жолдауында «...Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек...»  деген ой-пікірлерге байланысты Тараз мемлекеттік педагогикалы институты «Дінтану орталығының» дінтанушы мамандар «Тарих және әлеуметтік педагогика» және «Филология» факультеттерінің 1-курс студенттеріне арналған кездесу өткізді. Кездесу барысында  студент жастарды рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасап және дәстүрлі діни танымдық мәліметтермен ақпараттандыру керек екендігі түсіндірілді.

 
«ҚОҒАМДЫ ДІНИ САУАТТАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

31.01.2017ж.  Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат –өмірдің барлық саласында бәсекеге қабілетті, еркін-ойлы тұлға тәрбиелеу және жастар арасында дәстүрлі діни танымды қалыптастыру. Осыған орай,  Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен  «Қоғамды  діни сауаттандыру – заман талабы» тақырыбында кездесу өткізді. Аталған кездесуге ТарМПИ  «Дінтану орталығының» қызметкерлері қатысып, еліміздің діни саясатын жүзеге асыру мәселесін кеңінен түсіндірді.

 
КЕРІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ИДЕЯСЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

25.01.2017ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Филология» факультетінің 2-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарды жүргізу және жастардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында ТарМПИ «Дінтану орталығы» және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ерзат Жақыпов кездесті. Келесі сөзіңде: «...Кері діни ағымдардың идеясынан сақтану жолдарына байланысты олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, академиялық  және теологиялық тұрғыда тойтарыс беретіндей, әрбір адам өзінің ішкі рухани иммутитетін арттыру маңыздылығын атап өтті. Өзге идеяны тек идеямен ғана жеңуге болады.» -деп айтты.

 
«ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ»

25.01.2017ж.  Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына «Дінтану орталығының» қызметкерлері Т.Тұрғанқұлов пен Б.Алпысбаев қатысып, «Дін және мәдениет» тақырыбына байланысты қоғамдық ой-пікірмен бөлісті. Орталық жетекшісі Т.Тұрғанқұлов өз сөзіңде: «Әрбір түркі халықтарының өзіңе тән идеясы, мәдениеті болған. Мәдениет деген бір күнде қалыптасатын құбылыс емес, ғасырлар бойы жалғасады. Сондай-ақ атадан ұрпаққа халық ауыз әдебиеті, фольклор және күнделікті тыныс-тіршілік арқылы жалғасатын құбылыс. Мәдениетті құрайтын негізгі іргетасы ол - дін».

Бейнесұхбатты мына сілтемеде көруіңізге болады: http://taraztv.kz/kz/archive/programs/programs_ruh/iman_nury/506251

 
«ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУ ДҰРЫС ПА ӘЛДЕ БҰРЫС ПА»

25.12.2016ж.  Жамбыл облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында өтілетін «Ел ертеңі» бағдарламасына ТарМПИ «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұлов қатысып, «Жаңа жылды тойлау дұрыс па әлде бұрыс па» деген тақырыбында қоғамдық пікір алмасып, өз ойымен бөлісті.

 
«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР: ТӘРБИЕ,ӨНЕГЕ, ДАМУ»

2016 жылдың 06-09 желтоқсан аралығында ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017ж.ж. бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сай «Химия-биология» факультетінің 1 курс студенттеріне «Дін және жастар: тәрбие,өнеге, даму» тақырыбында әр топқа жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі мақсаты студенттердің дәстүрлі діни танымын және тәлім-тәрбиелік жолдарын қалыптастыру болып табылады.

 
«ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДА МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

2016 жылдың 12-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Тараз-Ғасыр» колледжінің ұйымдастыруымен «Жыраулар поэзиясында Мәңгілік ел идеясының құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған кездесуге ТарМПИ «Дінтану орталығының»  қызметкері Б.Алпысбаев қатысып,  жастарға қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымы және дәстүрлі діни сананы айта отырып, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру жолдары түсіндірілді.

 
« ПерваяПредыдущая123456789СледующаяПоследняя »

Страница 6 из 9


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.