forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін402
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3311
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2063
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704682

Казир сайтта: 9
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Дін және жастар

2016 жылы 29-қыркүйекте «Қазақстан-Тараз» телеарнасының «Сіз не дейсіз» ток-шоу бағдарламасына «Дінтану орталығының» жетекшісі  Т.Тұрғанқұлов қатысып, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру және кері ағымдардың идеологиясынан сақтану жұмыстары туралы өз пікірімен бөлісті.

 
Студент жастардың бойында дәстүрлі діни сананы қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстары

2016 жылдың 26-30 қыркүйек күндері аралығында «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сай,  студент жастардың бойында дәстүрлі діни сананы қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарына байланысты «Педагогика» факультетінің 1-курс студенттерімен семинарлар өткізілді. Дәстүрлі діни сана – бұл ұлттың болмысы, мәдениеті мен ерекшелігі болып табылады. Қазақ халқының діни санасының қалыптасуында ұлт болмысына тән ерекшеліктер көрініс тапты.

 
Сирек кездесетін есімдер

2016 жылы 27-қыркүйегінде "Қазақстан-Тараз" телеарнасының таңертенгі ақпараттық-сазды «Қайырлы таң, Әулие ата!» бағдарламасына «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұлов қатысып,"Сирек кездесетін есімдер" тақырыбына байланысты өз ойымен бөлісті. «Балаға ат қойып, азан шақыру әзіреті Адам атамыздан келе жатқан мирас. Адам ата жаралып оған періштелер таң қалып тамашалап тұрыпты.

 
Қазақ халқының қалыптасқан тарихында діннің шешуші рөлі

2016 жылдың 26-қыркүйегінде «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультетінің 1-курс студенттерінің дәстүрлі діни танымын арттыру мақсатында А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарихшы-дінтанушысы Зікірия Заманханұлы Жандарбектің  қатысуымен семинар өткізілді. Кездесуде қазақ халқының қалыптасқан тарихында діннің шешуші рөлі және дәстүрлі діни танымның қалыптасуына Әбу Ханифа, Имам Матуриди, Ахмет Ясауи сияқты ғұламалардың ықпалы туралы кеңінен түсіндірілді.

 
Семинар

2016 жылы 21-қыркүйекте Абай атындағы қалалық орталық  кітапханасында жастарға арналған діни экстремизмнің алдын-алу жолдарына байланысты  семинар ұйымдастырылды. Аталған кездесуге «Дінтану орталығының» жетекшісі Т.Тұрғанқұлов қатысып, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және  діни танымды  ғылыми таныммен үйлестіру керек екендігін атап өтті.

 
Діни сауаттандыру және дәстүрлі діни танымды жаңғырту мәселесі

2016-жылдың 14-15 қыркүйек аралығында ТарМПИ Дінтану орталығының қызметкері және облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Б.Алпысбаевтың қатысуымен, Талас ауданы Қаратау қаласының орта білім беру мекемелері, құқық қорғау органы және ауылдық аймақтарының жұртшылығымен кездесті. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі қоғамды діни сауаттандыру және кері діни ағымдарының идеясына қарсы тұратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту турасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 
Қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің рөлі

Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты және «Мемлекеттің дін сясатын насихаттау» жобасы негізінде «Жийде» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Тараз мемлекеттік педагогикалывқ институты №1-оқу ғимаратының конференц-залында БАҚ өкілдері мен студент жастарға арналған «Қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің рөлі» тақырыбында семинар өтілді. Аталған іс-шараға А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Дінтану және теология» кафедрасының доценті т.ғ.к., дінтанушы-ғалым Зікірия Жандарбек арнайы шықырылды. «Біз қайтсекте адаспаймыз?», «Біз ұстанған діни бағыт қандай болу керек?» т.б. деген сауалдар  негізінде қазақ халқының дүниетанымы Ханафи-Матуриди ілімі арқылы қалыптасқандығы және де дінді ақылмен қабылдап, түсінуіміз керек екенін еске салды.

 

 
«Дінтану орталығының» жұмыс жоспарымен танысу

Сонымен қатар, 17-қыркүйек күні  А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Дінтану және теология» кафедрасының доценті т.ғ.к., дінтанушы-ғалым Зікірия Жандарбек ағамыз ТарМПИ «Дінтану орталығының» жұмыс жоспары  және  қызметкерлерімен танысып, студенттердің бойында дәстүрлі діни сананы қалыптастыруына байланысты және діни таным мен ғылыми таным арасын байланыстыратын осындай орталықтың керек екендігін атап өтті.

 
«Жастар және дін: бүгіні мен болашағы»

Үстіміздегі жылдың 16-қыркүйек күні  «Стундеттер Үйінде»  А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Дінтану және теология» кафедрасының доценті т.ғ.к., дінтанушы-ғалым Зікірия Жандарбек ағамыз студенттермен кездесіп, «Жастар және дін: бүгіні мен болашағы» тақырыбында семинар өтілді. Дін – кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі екендігін түсіндіріп, студент жастардың қоғамда білімді тұлға болып қалыптасуына үлкен мән берді.

 
Дәстүрлі діни таным: мәдениеті және тарихы

18-ақпан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дінтану орталығы» және «Жийде» қоғамдық қорының қызметкерлері «Тарих және география» факультетінің 1-курс студент жастарына арналған «Дәстүрлі діни таным: мәдениеті және тарихы» тақырыбында сұрақ-жауап, еркін пікір ретінде іс-шара өткізілді. Аталған семинарда қазақ халқының мұсылмандық дүниетанымы және оның қалыптасу ерекшеліктері, мемлекет пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымы және де жоғарғы оқу орнында «Дінтану негіздері» пәнінің оқыту әдістемесіне аса назар аударылды.

 
Қоғамдағы діни кері ағымдар мен секталардың зияндылығы

Ақпанның 12-жұлдызында ТарМПИ «Дінтану орталығының» қызметкерлері  Т. Тұрғанқұлов және Б. Алпысбаевтың қатысуымен №46 және №45 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары және ұстаздарымен бірлесе отырып, кездесу семинары өтілді. Осы «Қоғамдағы діни кері ағымдар мен секталардың зияндылығы» тақырыбындағы өтілген іс-шаралар оқушылардың дәстүрлі діни танымын қалыптастыруына және ұлттың дүниетанымы, мәдениеті, тарихы  секілді дінтанулық мәселелер жүйелі негізінде түсіндірілді.

 
« ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя »

Страница 9 из 10


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.