forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін9
mod_vvisit_counterКеше439
mod_vvisit_counterОсы аптада9
mod_vvisit_counterӨткен аптада2944
mod_vvisit_counterОсы айда2109
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704728

Казир сайтта: 10
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-06
Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың (секталардың) белгілері мен әрекеттері

Елбасының дәстүрлі Жолдауындағы «...Патриотизм, адамгершілік нормалары, өнегелік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, дене және рухани саулық, заңға мойынұсынушылық – осы құндылықтарға барлық білім беру мекемелері баулуы тиіс» деген талаптарға сәйкес жастардың дәстүрлі діни санасын қалыптастыру және діни құбылыстарды ғылыми-танымдық, рухани-мәдени құндылықтарымен байланыстыра отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Осыған байланысты ақпан айында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дінтану» орталығы қызметкерлері «Филология» факультетінің 1-курс пен 3-курс студентерге арналған «Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың (секталардың) белгілері мен әрекеттері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. «Дінтану» орталығының жұмыс жоспарына сай, студент жастардың қоғамдағы кері ағымдар  мен секталардың ықпалына түсіп қалмас үшін, саналы ойлау мен сараптауды жасай білуді және ішкі рухани иммунитетті қалыптастыру жолдары баса айтылды.

 
Діни экстремизмнің алдын-алу жүйесін жетілдіру

Үстіміздегі жылдың 30-қазан күні ТарМПИ «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Әбдікерімова Перизат Жорабекқызы және «Дінтану» орталығының жетекшісі Тұрғанқұлов Танжарық Қасымқұлұлының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Физика» мамандығының 4-курс студенттерге арналған «Діни экстремизмнің алдын-алу жүйесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 
Дәстүрлі діни таным және қазақ мәдениеті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істер комитеті төрағасының орынбасары Көлекеев Бақытжан Кенесұлының арнайы келуімен 23-қазан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы құрылған «Дінтану» орталығының жұмысымен танысып, дінтану мамандармен пікір алмасты. Сондай-ақ,  ТарМПИ №2-оқу ғимаратының мәжіліс залында «Дәстүрлі діни таным және қазақ мәдениеті» тақырыбында профессор-оқытушылар құрамы және студент жастарымен кездесу өтілді.

 
«Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселері» атты семинар

Бүгінде еліміздің аумағына өткен ғасырдың 90-шы жылдары келіп, өз идеяларын таратқан секталар мен ағымдардың қоғамға деген агрессиялары артып, қауіпті күшке айналып отыр. Қазіргі уақытта қоғамымыздың мұндай келеңсіз құбылысты дер кезінде байқап, әр жерде өзіндік үн қосып жатқандары қуантарлық, әрі үміт ұялататын жағдай. Соның бірі 5-қарашада Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, аталмыш мәселеге арнайы өткізген семинары болды.

 
Рухани келісім-бейбітшілік тірегі

Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Елбасымыз тыныштық пен тұратылықты сақтауды жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз жолдауларында: «Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды.

 
«ЖАСТАР АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ ДІНИ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ»

Қазақстан қоғамындағы жастар арасында діни сана қалыптастыру мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Биылғы «Қазақстан - 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында да президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек»,- деп жастарға рухани тәрбие беру аса маңызды мәселесін атап өткені белгілі.

 
Рухани тәрбие – имандылық өзегі

23 қыркүйекте Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында білімгерлер жатақханасында «Рухани тәрбие – имандылық өзегі» атты тақырыбында кездесу болды. Кездесуге тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орталық басшысы Л.Н.Ибраимова, Орталық һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Нарымбетов Еркебұлан, «Дінтану» орталығының жетекшісі Т.Тұрғанқұлов және жатақхана тұрғындары қатысты.

 
«Жастар діни экстремизмге қарсы»

11. 04.2013ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Білімгерлер үйінде «Жастар діни экстремизмге қарсы» тақырыбында пікірталас өтті. Кездесуді институттың Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры О.С.Сәлімбаев ашты.

 
Діни татулық - ел бірлігінің айқын көрінісі

Қазақстан қоғамындағы жастар арасында діни сана қалыптастыру мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа арналған дәстүрлі Жолдауларында, жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде оның маңыздылығы аталып көрсетіліп келеді. Биылғы «Қазақстан - 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында да президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

 
«Діннің өзекті мәселелері»

1-наурыз күні сағат 15-00 де «Дінтану орталығының» ұйымдастырумен ТарМПИ «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен Діни ахуалға байлынысты «Діннің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды факультет деканы ф-м.ғ.к., доцент Т.Б.Бижігітов ашты.

 
«Діннің өзекті мәселелері»

22 ақпан күні сағат 15-00 де ТарМПИ «Педагогика» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен діни ахуалға байлынысты «Діннің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды факультет деканы п.ғ.к., доцент М.П.Оспанбаева ашты. Оспанбаева ханым факультеттің ПОҚ-ын институттың ғылыми кеңесінің шешімімен институт жанынан «Дінтану орталығы» ашылғанынан хабардар етіп, орталық мүшелерімен таныстырды.

 
« ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя »

Страница 10 из 10


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.