forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін438
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3347
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2099
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704718

Казир сайтта: 7
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Тарих


ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариат секілді исламның қайнар көздерiден бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы дәстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң әһл әл-хадис мектебіне тән ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті  мұсыл­ман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты  бас­шылыққа алады. Құлшылық, ғиба­дат­тарында ата-баба жолын ұста­натындықтан, оларды «дәстүрлі мұ­сылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған.

 
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚЫЗМЕТШІ ШӘЙМЕРДЕН ҚОСШЫҒҰЛОВ

Сібірия мен Дала өлкесінен келген ІІ Мемлекеттік Дума депутаттарының бір тобы. Отырғандардың сол жақтан біріншісіТорғай облысының депутаты Ахмет Бірімжанов, үшіншісіАқмола облысының депутаты Шәймерден Қосшығұлов, оң жақтан екіншісіСемей облысының депутаты Темірғали Нұрекенов.

 
АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ДІН ҮШІН КҮРЕС (Сәбит дамолла мен Зуқа батырдың діни қайраткерлігі)

Қазақ даласына киелі дінді таратып, өмір сәулесіне, тарих сахнасына, заман тынысына алғаш дінді уағыздап, діни жолда ағартушылық ерен еңбек еткен Сәбит дамолла жайында біреу білсе, біреу білмес. Алайда Зуқаны Сәбиттің ұлы Нұрмұқамед абыздың немересі екенін жұрт біледі. Әсіресе Қытай қазақтары мен Моңғолия қазақтарына дін қайраткерлерінің династиясы ежелден жақсы таныс. Бірі дін қайраткері атанса, бірі дін күрескері болып әкелі-балалы екеу тарих сахнасында үлкен қызмет атқарды. Сол бір зұлматты XX ғасыр басында Алтай-Тарбағатайдағы барша қазақ халқының әлеуметтік, таптық, тіпті мүліктік жіктелу дүниесі орнаған тұста қоғамның белсенді мүшесі, әрі жауынгер батыры, діни қайраткері ретінде ұлттық тұлғаға айналды.

 
ИБН БАТТУТА ДЕШТІ-ҚЫПШАҚҚА САЯХАТ (1330-миладі жылы, 730-хижра жылы)

Теңізбен Қырым шаһарына сапар шегу үшін кеме тосып, Синоп шаһарында 40 күн жаттық. Ақыры бір рум кемешісін тауып жалдадық. Соның өзінде дауылдың бәсеңдеуін тосып, тағы он бір күн жаттық. Сөйтіп, әрең дегенде, бір күні кемеге мініп, сапарға шықтық. Үш күн жүзіп, теңіздің ортасына жеттік. Дәл сол кезде терістік жақтан дауыл шығып, бізге үлкен қауіп төндірді. Ажалымыз жеткен екен дестік. Мен кеменің астындағы құжырада едім. Жолсерігім мағриптік Әбубакір деген кісі еді. Мен оған: «Кеменің үстіне шығып, дауылдың мән-жайын байқа!» - деп бұйырдым.

 
Әлімғазы Дәулетқан. Шығыс Түркістанның шындығы немесе Әлихан төре кім еді?

Әлихан төре – тұтас түріктің мақтан тұтар асыл перзенттерінің бірі еді. Ол ғасырға жуық ұзақ та, ауыр ғұмырында түрік халықтары мен исламиятқа адал қызмет етіп, артына өшпестей мол мұра қалдырып кетті. Солай бола тұра, осынау айтулы тұлға туралы біздің қазақ жұртшылығы онша біле бермейді. Әрине, оның да белгілі тарихи себептері бар болатын.

 
« ПерваяПредыдущая12СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 2


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.