forex trading logo

 

ОЙМАҚТЫ ОЙ:

Әбу Нәсір  әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.

 

Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз – шыңға тіккен тумен тең,

Ессізге айтқан ақыл сөз – құмға сіңген сумен тең.

 

Төле би Әлібекүлы

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты соңына ермегеннен без,

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына көнбегеннен без.


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін406
mod_vvisit_counterКеше429
mod_vvisit_counterОсы аптада3315
mod_vvisit_counterӨткен аптада2802
mod_vvisit_counterОсы айда2067
mod_vvisit_counterӨткен айда11634
mod_vvisit_counterБарлығы704686

Казир сайтта: 11
Сіздің адрес 3.236.126.69
,
Күні: 2020-07-05
Салт-дәстүр


ЕТ МҮШЕЛЕУ БІЛЕСІЗ БЕ?

Дана халқымыз әр заттың есебін білген. Баршамызға белгілі болғандай қазақтың негізгі асы – мал еті. Оның қалай сойып, қалай жарататынына дейін білген қазақ қонағының кім екендігіне қарай небір табақ түрлерін ұсынған. Әрбір салтымызға құрметпен қарайтын қазақ жұртшылығына арналған пайдалы кеңес. Біліп жүріңіз!

Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелегенде осы жіліктерді буын-буыны бойынша ажыратып жіліктейді. Мәселен, қой етін жіліктегенде 13 мүшеге: жамбас - 2, ортан жілік - 2, асықты жілік - 2, бел омыртқа - 1, сүбе қабырға - 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға - 2, төс - 1, омыртқа - 1, жауырын - 2, тоқпан жілік - 2, кәрі жілік - 2, бұғана - 1, мойын - 1 етіп бөледі («Шаңырақ» энциклопедиясы, 194-бет).

 
СӘБИДІҢ ТҰСАУЫ НЕЛІКТЕН АЛА ЖІППЕН КЕСІЛЕДІ?

Бауырынан табақ жүгірту

Туылғанына 5-6 ай болып, талпына бастаған сəбиді тез аяқтансын деген мақсатпен туыс-туған, көрші-қолаңды шақырып, баланың «бауырынан табақ жүгірту» ырымын өткізеді. Онда ауылдың өнегелі, инабатты кісілерінің бірі арнаулы дайындалған бір табақ асты қолына алып, оны талпынып тұрған баланың оң жа ғы нан сол жағына, сол жағынан оң жағына қарай өткізіп:

 
Бесік жыры

Бесік жыры – сәбидің дұрыс жетілуінің бірден-бір кепілі. Нәресте үшін ана сүті қандай маңызды болса, бесік жыры да дәл солай маңызды. Сәби миындағы нейрондар даму үшін бесік жырынан артық дәрумен таппайсыз.
Дәрігерлердің зерттеуінше, қазіргі жастардың 70 пайызының жүйке жүйесінде ауытқулар бар. Сондықтан олар өмір сүруге қабілетсіз, өнер мен ғылымға деген бейімі төмен болып өседі. 1916 жылы психоневрология институтының негізін қалаған академик Владимир Бехтерев «балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырым айтқан. Ал психолог Виталий Леутиннің айтуынша, бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарындағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болады. Америкалық психолог, медицина ғылымдарының докторы, трансперсоналды психология ғылымының негізін салушы Станислав Гроф «Beyond the brain» атты кітабында бесік жырының баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден бір себеп бола алатынын ескерткен. Жалпы бесік жырының ерекше маңызы туралы сөз қозғаған беделді ғалымдар аз емес.

 
ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА. БАБАЛАР АМАНАТЫ

Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегіне жол тапқан Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты жаңа кітабы жарық көрді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы Батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.

 
«ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ, ҚАЛА БЕРСЕ ҚАРА КҮҢНЕН ТЫЮ»

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның ана екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр.

 
« ПерваяПредыдущая123СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 3


Работает на Joomlatemplate. Designed by: joomla templates web hosting Valid XHTML and CSS.